» » ҚАРТЫН ҚҰРМЕТТЕГЕН ЕЛ АЗБАЙДЫ

ҚАРТЫН ҚҰРМЕТТЕГЕН ЕЛ АЗБАЙДЫ

Аудан əкімі Сұлтан Мақашов Қармақшы ауданының құрылғанына 90 жыл толған мерейлі мерекесі аясында бар саналы өмірін ел əлеуетінің өсіп-өркендеуіне арнап, бүгінде құрметті  зейнеткерлік демалысқа шығып, ұрпағының қызығын көріп отырған бір топ еңбек ардагерін қабылдады.
Аудан басшысы Сұлтан Ысқақұлы  мəртебелі қонақтарға бүгінде ауданда Елбасының туған халқының тұрмыс-тіршілігін арттыруға арналған Жолдауынан туындаған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып, аудан халқының əлеуетін көтеруге арналған ілкімді істерді баяндады. Сонымен бірге, ардагерлерді Қармақшы ауданының 90 жылдық мерейтойына арналған мерекелік медальмен мараппаттап, өңіріміздің өткені мен бүгініне арналған танымдық кітап табыстады.
Шара барысында еңбек ардагерлері Қаршыға Есдəулетов, Жақсыбай Жəкеев, Пал Баймаханова, Жақсылық Қыпшақбайұлы, Иса Бисенов, тағы басқалар сөз сөйлеп, ыстық ықыласын білдірді.
– Биыл қазақстандықтар үшін ерекше жыл болды. Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығын, Қызылорда қаласының 200 жылдығын, ал бүгінде  қасиетті Қармақшы ауданына 90 жыл толу мерейтойын тойлап жатқан жайымыз бар. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында туған жерді қастерлеп, оны аялауға ерекше тоқталып өтті. Туған жер  адамзат баласы үшін ең ыстық та, қасиетті мекен. Сондықтан да мен өзім туып-өскен киелі Қармақшыны әркез жақын тартып, онда болып жатқан жағымды жаңалықтарға қуана қараймын. Расында да, ұлтымыз Кеңестер Одағының бодандық құрсауынан  босап шыққаннан кейін, көреген көшбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатымен  жаңа өмірге көшті. Еліміз тәуелсіздік алғалы  ел экономикасы артып, халықтың әлеуеті өсті.  Әлемдегі көпұлтты мемлекет атанған егеменді еліміз заман ағымына қарай дамуда. Оған  әрине ауданда заман талабына сай салынып жатқан түрлі бағыттағы әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандар айғақ. Міне, осындай бірлігі жарасқан ынтымағы мызғымас елде  туып-өсіп, еңбек еткеніме қуаныштымын. Туған елімнің болашағы үшін  талай атпал азаматтар еңбек етіп, өмірден озды. Мен де сол ағалардың өмірінен өнеге алып, бүгінде еткен еңбегімнің жемісі ретінде аудан әкімінің қолынан марапатқа ие болып отырмын. Лайымда, елімізге тыныштық, ұлтымызға бірлік пен мызғымас ынтымақ тілеймін, – дейді Ақай ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы Жақсылық Қыпшақбайұлы.
Нұрбай ЖАНƏДІЛОВ
29 қазан 2018 ж. 1 523 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 029

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031