» » » "Достық" фестивалі өтті

"Достық" фестивалі өтті

Аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік тапсырысы шеңберінде «Қорқыт елі - Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігі және «Қоғамдық келісім» КММ-і Қармақшы аудандық бөлімінің ұйымдастыруымен III Интернационалдық ауылдық округінде Ақтөбе ауылдық округі, Жаңажол ауылдық округінен келген ұлт өкілдерінің қатысуымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын іске асыруда ұлттық рухымызды дәріптеп сақтау, туған өлкеге деген сүйіспеншілікті арттыру және Елбасының бағдарламалық мақаласын жан – жақты насихаттау мақсатында «Достық» фестивалі өткізілді. Аталмыш шарада жастар төрт тур бойынша өнер көрсетті.
«Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көргенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі деп, ұрандатып бастаған III Интернационалдық ауылдық округінің жастарынан құралған «Түрік» ұлт өкілдері сахнаны ашып, ережеге сәйкес шарттарын орындаса, Ақтөбе ауылдық округінен келген жастардан құралған «Қазақ» ұлты өкілдерінің өнерін көрсетумен аяқталды. Шараға төрелік еткен аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы С.Әбдісәлімов, «Қоғамдық келісім» КММ-нің Қармақшы ауданы бойынша этносаралық қатынастар жөніндегі сарапшы маманы Н.Айтбаева және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Қармақшы аудандық бөлімі директорының уақытша міндетін атқарушы А.Татишов сынды әділ қазылар алқасының шешімімен шараға белсене қатысқан ауылдық округ жастары өз деңгейінде марапатталып, дипломдарымен бағалы сыйлықтарға ие болса, шара барысында үздік деп танылған біршама жастарымыз «Өнерлі жастар» номинациясын иеленді. Шара соңында сөз алған «Қорқыт елі - Қармақшы» ЖҚБ –нің төрайымы А.Нұрмағанбетова алдағы уақытта бұндай шаралар өз жалғасын табатынын жеткізіп, фестивалге қатысқан барлық жастарға өз алғасын білдірді.
А. Нұрмағанбетова
10 шілде 2018 ж. 1 113 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930