» » » ӘДЕБИЕТ ЖАНАШЫРЫ

ӘДЕБИЕТ ЖАНАШЫРЫ

Біз бүгін шежірешінің бірі, кезінде қазақ халқының әйгілі ғұламасы Әлкей Марғұлан "Әлқуат менің Сыр бойындағы қазынам еді ғой. Өйткені, ол Сыр бойының архиві" деп атап көрсеткен Әлқуат Қайнарбаев туралы әңгімелемекпіз.
Әлқуат Қайнарбаев 1898 жылы күз айында  Қазалы уезіне қарасты Қарабас болысының "Кеңтүп" деген жерінде дүниеге келген. Әлқуаттың әкесі Қошалақ мінезі момын, кедей кісі болған. Ол Рсалды, Жібек, Әлқуат, Күләнда, Үсен атты бес балалы болыпты. Әлқуаттың әкесі Қошалақ 1925 жылы 78 жасында, шешесі Ақбала Меңлібайқызы 68 жасында қайтыс болған.
    Әлқуат әуелі ауыл молдасынан ескіше хат таниды. Осы жерде бір айта кететін жайт, біз күні бүгінге дейін ертедегі мешіт ашып, бала оқытқандардың бәрін Құдайға құлшылық етуді үйретті деп келдік. Шындығында тек сол бағытта ғана болған жоқ. Олар ең әуелі араб әліппесін үйретіп, сол тілде оқып, жаза білуді алдымен мақсат етті. Міне, Әлқуат алғаш осындай ауыл молдасынан (ұстаз) сауаттанып шықты да, кейін сәбет мектебінің толық жеті класын бітірді. Сөйтіп, араб, латын, қарақалпақ, орыс тілдерін зеректікпен зердесіне құйып алды.
Әлқуат Ұлы Қазан революциясынан кейін Әулиеата (қазіргі Жамбыл) қаласына барып, мұғалімдер даярлайтын курста оқып, "Кеңтүп" мектебіне келіп ұстаздық етті. 1925 жылы тамыздың 15-інде Алтын Жүсіпқызына үйленді. Осы жерде 1928 жылы заманның ауыр кәмпеске кезінде алғашқы ауыл шаруашылығы артелін ұйымдастырушылардың бірі болды. 1929-1930 жылдар артельдің ізінен ұйымдасқан "Кеңтүп" кеңшарына төраға боп сайланды. Ал 1930 жылы Қазалыға ұжшар одағын басқаруға жіберілді. Мұнан соң 1932 жылы аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі боп тағайындалды. 1933 жылы білікті ұстазға Түркістан облысының Арыстағы оқу бөлімінің меңгерушілігі сеніп тапсырылды.
Әлқуат Қайнарбаевтың іскерлік қабілетін сол кездегі Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы Темірбек Жүргенов жоғары бағалап, 1938 жылы СОКП мүшелігіне өтуге кеңес берген. Сол жылы Ә.Қайнарбаев Қармақшы аудандық партия комитетіне (хатшы Қанибек Өтепов) сектор бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Бұл қызметті ол 1946 жылдың аяғына дейін істеді. Ал 1947-1948 жылдары территориясында алты ұжымшары бар Төрткүл ауылдық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы болды. Еңбек демалысына шыққанға дейін он бір жыл аудандық тұтынушылар одағының бастығы міндетін атқарды. 1979 жылы қайтыс болды. Бұл Әлқуат Қайнарбаевтың қысқаша өмірбаяны ғана.
Ә.Қайнарбаев бала күнінен қазақ халқының ауыз әдебиетін ерекше сүйіп, оған ден қойып, жаттап өсті. Оны елдің қазынасы деп бағалап, тап-таза қалпында жинай бастады. 15-16 жасында-ақ Тұрмағамбеттің "Мәрді диқан", Қарасақал Ерімбеттің "Ақтам сахаба", Омар Шораяқұлының "Мағауия" атты көлемді дастандары мен халық ақындарының көптеген айтыстарын жатқа білді.
Әлқуатты Ешнияз салдың баласы Кете Жүсіп Шораяқтың Омарымен таныстырған. Сөйтіп, сол жолы жас әдебиет жанашыры Әлқуат Кете Жүсіп пен Омар ақынның көптеген өлең-жырлары мен дастандарын қағазға түсіріп алады. Қос шайыр Әлқуаттың бұл талабына ерекше риза болып, "Сен, Әлқуат, Сыр бойы өңірінің мұраларын кейінгі ұрпаққа жеткізсең олар саған үлкен алғыс айтып, зор құрмет тұтады, есіміңді биікке көтереді" деп ақ баталарын берген. Жас зерттеуші олардың кітапханасымен бірнеше күн танысып, аса құнды деректер жазып алған.
Әлқуат өз үйінде ғалым-зерт­теу­шілердің әрекетіндей жұмыс істей білген. Сыр бойында өткен әрбір ақын-жырау шығармашылығына жеке-жеке папка арналып, олар арнаулы кілттеулі шкафта сақталған. Әр жол өлеңдер мен оқиға, шешендік сөздер арнайы дәптерге уақытылы тіркеліп, ол бірнеше данаға көшіріліп қойылған. Сонымен бірге, фольклоршының жұмыс кітапшасы болған. Онда әр жақтағы ел аузындағы әңгімелер мен мұраларды көп білетін адамдар мен ақын-жыраулардың мекен-жайы жазылған.
Қазалыдағы Ноғай мешітіндегі ХХ ғасырдың басында ашылып ғылыми және мәдени орталыққа айналған кітап­хананың кітап қоры орасан бай, баға жетпес қымбат та сирек кездесетін шығармалары болған. Онда 1864 жылы Санкт-Петербургте және Орынбор, Қазан қаласында жарық көрген кітаптар мен журналдар сақталған. Міне, осы кітапханаға Әлқуат жиі қатынаған және 1916 жылдан бастап Мәскеуден қажетті газет-журналдар алдырып оқыған.
Әлқуат бірнеше рет Жанкент, Же­тіасар, Түркістан, Отырарды аралап, Қорқыт мазары мен аңыздарын зерттеп, Әбубәкір Диваев, Әлкей Марғұлан, Рахманқұл Бердібаевтарға бірнеше жазба деректер ұсынған.
Сәбет үкімітінің алғашқы жылдарында Ташкенттен Қалжан Қоңыратбаев Әлқуатты әдейі іздеп келіп, оның архивінен халық ауыз әдебиетінің мұра­ларынан үш мың жол өлең жазып алған.
Әдебиет жанашыры Ұлы Отан соғысы жылдарынан әлденеше жыл бұрын-ақ жинаған мұраларын Қазақ КСР Ғылым академиясы мен Орталық Ғылыми кітапханаға (ОҒҚ) жібере бастаған. Осыдан соң ауыл ортасынан шыққан фольклоршы Қазақ КСР Ғылым академиясы Тіл және әдебиет институтының ғалымдары мен көрнекті ақын-жазушылар тікелей байланыс жасаған. Мұны 1940 жылы Сәбит Мұқановтың Әлқуат Қайнарбаевтан атақты "Мақпал Сегіз" жыры мен Базар жырау Оңдасұлының өлеңдерін сұрап жазған сарғайған сарғыш хаты айқын дәлелдейді. Мұнан басқа да Әлқуаттың кітап "лабораториясына" қызығушылар, арнайы мән берушілер көптеп табылады.
Есмағанбет Ысмайылов, Ісмет Кеңесбаев, Әбділда Тәжібаев, Асқар Тоқмағанбетов, Мәлік Ғабдуллиндер хабарласып, халықтың бай мұраларынан алдырып, өз еңбектерінде пайдаланды. Ал ғылыми қызметкер, фольклоршы Мардан Байділдаев Әлқуат Қайнарбаевқа шәкірт саналып, үйінде бірнеше апталап жатып Тұрмағамбет Ізтілеуов, Кете Жүсіп Ешниязов, Омар Шораяқұлы, Шернияз Рылғасұлы, Тұрымбет Салқынбайұлы, Оңғар Дырқайұлы, Базар Оңдасұлы, Нұртуған Кенжеғұлов, Қарасақал Ерімбет Көлдейбекұлы шығармасы мен "Исатай – Махамбет", "Кенесары – Наурызбай" дас­таны мен айтыс, жұмбақ айтыс, өтірік өлең, мақал-мәтелдер жазып алған.
    Ә.Қайнарбаев жүз мың жолдан астам өлең, хисса, дастан, поэма, айтыс, тағы басқа ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап, оның 60 мың жолдан астамын Қазақ КСР Ғылым академиясына тапсырған. "Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы" атты төрт томдық кітапта Ә.Қайнарбаев тапсырған қолжазбалар туралы деректер көптеп кездеседі. Кітапта "Ә.Қайнарбаев 1934 жылдан бастап қазақ ауыз әдебиетін әдеби қорларға тапсырып тұрған белгілі жинаушы" деп атап көрсеткен.
Әлқуат соңғы 1966-1971 жылдар аралығының өзінде академияға 31 мың жол өлең, 5772 жол шешендік қанатты сөздер жолдаған. Ол жинаған асыл қазыналар бойынша бірқатар ғылыми еңбектер де жазылды. Сол сияқты қазақ әдебиетінің көп жылдық тарихында Әлқуат жинаған құнды  материалдар кеңінен пайдаланылды. Әсіресе, ол мұралар М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты тарапынан шығарылған әрқайсысы үш тін. Томдық "Айтыс", "Батырлар жыры", "Ертегілер" жинақтарында және "Үш ғасыр жырлайды", "Пернедегі термелер", ХVIII-XIX-XX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары" атты екі томдық көлемді жинақта жарияланды. Сөйтіп, ол республикаға белгілі ауыз әдебиетінің үлгілерін жинаушы, Қазақ КСР Ғылым академиясының штаттан тыс тілшісі, Сыр бойындағы фольклоршы атанды.
1967 жылы тамыз айында "Литературная Россия" газеті "Фольклор жинау­шы" атты мақала жариялапты. Онда: "Филолог Әлқуат Қайнарбаев халық ауыз әдебиетінің қазынасынан 100 мың жолдан аса мұра жинады. Ол Жүсіп Ешниязовтың "Сұрмерген" поэмасын сөзбе-сөз табанда жазып алды" делінген. Бұл фольклоршы еңбегіне берілген әділ бағаның бірі.
Әлқуат Қайнарбаевтың үйіне өне­гелі сөз, үлгілі өлең іздеушілер көп келетін. Тіпті басқа облыстардан белгілі жерлес халық ақындары туралы дерек іздеушілер жиі ұшырайтын. Оның күйшілігі, домбырамен ақындар жырларын орындайтын жақсы термешілігі бар еді.
– Менің үлкен әкем Тұрмағамбет жы­раудың барлық өлең-жырлары мен айтыс­тарын Әлқуат ақсақалдан жазып алдым. Атамның жарыққа шығуына, кейіннен Чапаев атындағы ұжымшар­дағы бір көшеге есімі берілуіне Әлқуат қария жинаған мұралары пайдасын тигізді, – дейді ақын Ибрагим Бекмаханов.
Иә, бұл күндері Әлқуат ақсақалдың көзін көрген көптеген қариялар оның табанды еңбекқорлығын, кей күндері таңертеңнен кешке дейін тапжылмай қолжазба түптейтінін, әрбір сөздің әрпіне ерекше мән бере қарайтынын, жазу үстелі үстіне сан түрлі қаламын түсіне қарап пайдаланатын ұқыптылығын тамсана айтып, таңдана еске алады.
Әлекең – Әлқуат Қайнарбаев көрсетіп кеткен өнегелі жол ұмытылмақ емес. Ол өркен жая  бермек.
Қазақ халқының ауыз әдебиетінің тарихы ұшан-теңіз. Оның ішінде Сыр бойы "Сыр елі – жыр елі" деген атағымен мәшһүр. Осы Сыр өңіріндегі түрлі тарихи оқиғалар мен ақын-жыраулардың өлең, дастандары мен ертегі, мысал әңгімелерін, шешендік сөздері мен айтыстарын және жұмбақтары мен мақал-мәтелдерін кішкене күндерінен зеректікпен жаттап өсіп, ел арасында "құйма құлақ" атанған, кейін есімдері республика көлеміне әдебиетші, зерттеуші ғалымдар арқылы танылған ауданымызда екі қария бар болатын. Оның бірі – Үбісұлтан Аяпұлы да, екіншісі Әлқуат Қайнарбаев еді.
Сәнтөре ПІРМАНОВ
31 шілде 2019 ж. 1 350 15

Robertsig от 5 ақпан 2025 01:46
На этом сайте вы можете заказать увеличение лайков и фолловеров для социальных сетях , включая ВК, TikTok, Telegram и прочие. Быстрая без рисков раскрутка аккаунта обеспечена. Накрутка ВК Выгодные тарифы и качественное предоставление услуг. Начните продвижение прямо сейчас!

e-copies.ru от 5 ақпан 2025 20:43
Этот сайт — востребованное онлайн-СМИ. Мы незамедлительно представляем важные репортажи. https://rftimes.ru/html/smi.html Коллектив журналистов делает всё возможное, чтобы предоставлять надёжную информацию. Будьте в курсе, чтобы оперативно получать важнейшие материалы!

FrankEvind от 8 ақпан 2025 20:56
Макс Мара — культовый известный итальянский бренд, основанный в 1951 году предпринимателем Акилле Марамотти. Бренд стал синонимом изысканности и качества. Фирменный стиль Max Mara строится вокруг классических силуэтов и натуральных материалов, таких как кашемир. Легендарное пальто Teddy закрепило статус настоящим символом бренда. http://rodnici.minobr63.ru/%d1%80%d0%b5%d0%be%d1%80%d0%b3%d0%b0%d0%bd%d0%b8%d0%
b7%d0%b0%d1%86%d0%b8%d1%8f-%d0%b2-%d1%84%d0%be%d1%80%d0%bc%d0%b5-%d0%bf%d1%80%d
0%b8%d1%81%d0%be%d0%b5%d0%b4%d0%b8%d0%bd%d0%b5%d0%bd%d0%b8%d1%8f/?unapproved=55
6654&moderation-hash=bfd49159f9b97c90848671d3a8beeed2#comment-556654 Сегодня модный дом выпускает широкий ассортимент, но и обувь. Бренд остаётся примером итальянского качества, завоёвывая ценителей моды по всему миру.

gruzoperevozki-minsk12.ru-Jot от 21 наурыз 2025 05:49
Доставка грузов в Минске — надежное решение для бизнеса и физических лиц. Мы предлагаем транспортировку по Минску и региона, функционируя каждый день. В нашем транспортном парке новые автомобили разной мощности, что дает возможность адаптироваться под любые потребности клиентов. gruzoperevozki-minsk12.ru Мы помогаем офисные переезды, перевозку мебели, строительных материалов, а также малогабаритных товаров. Наши специалисты — это опытные работники, хорошо знающие дорогах Минска. Мы предлагаем оперативную подачу транспорта, бережную погрузку и выгрузку в нужное место. Заказать грузоперевозку легко через сайт или по контактному номеру с быстрым ответом.

bs2best.markets от 10 сәуір 2025 15:32
Платформа BlackSprut — это хорошо известная точек входа в теневом интернете, открывающая разнообразные сервисы для всех, кто интересуется сетью. Здесь предусмотрена понятная система, а интерфейс понятен даже новичкам. Пользователи ценят отзывчивость платформы и жизнь на площадке. bs2best.markets BlackSprut ориентирован на удобство и минимум лишней информации при навигации. Тех, кто изучает инфраструктуру darknet, площадка будет интересным вариантом. Перед использованием лучше ознакомиться с основы сетевой безопасности.

Детективное агентство от 12 сәуір 2025 19:59
Этот сайт — сайт лицензированного аналитической компании. Мы предоставляем услуги в сфере сыскной деятельности. Штат сотрудников работает с предельной дискретностью. Мы занимаемся сбор информации и анализ ситуаций. Заказать детектива Каждое дело рассматривается индивидуально. Мы используем проверенные подходы и работаем строго в рамках закона. Если вы ищете настоящих профессионалов — вы нашли нужный сайт.

Нанять детектива от 13 сәуір 2025 01:35
Онлайн-площадка — сайт лицензированного детективного агентства. Мы организуем услуги в решении деликатных ситуаций. Коллектив профессионалов работает с максимальной этичностью. Нам доверяют проверку фактов и разные виды расследований. Заказать детектива Каждое обращение рассматривается индивидуально. Задействуем проверенные подходы и ориентируемся на правовые стандарты. Если вы ищете ответственное агентство — добро пожаловать.

Michealrog от 14 сәуір 2025 13:43
This online service makes available various prescription drugs for easy access. Anyone can easily order treatments from your device. Our range includes standard treatments and specialty items. Everything is sourced from verified distributors. https://community.alteryx.com/t5/user/viewprofilepage/user-id/577246 We ensure customer safety, with private checkout and on-time dispatch. Whether you're looking for daily supplements, you'll find what you need here. Start your order today and experience stress-free support.

Jamestom от 22 сәуір 2025 20:55
This online pharmacy features an extensive variety of pharmaceuticals at affordable prices. Customers can discover all types of drugs for all health requirements. We work hard to offer high-quality products at a reasonable cost. Fast and reliable shipping provides that your order gets to you quickly. Experience the convenience of ordering medications online with us. fildena professional 100mg

radio alarm clock with cd player от 25 сәуір 2025 12:59
This page presents disc player alarm devices by top providers. You can find top-loading CD players with AM/FM radio and dual wake options. Each clock include auxiliary inputs, charging capability, and backup batteries. Our range extends from economical models to luxury editions. clock radio alarm clock Every model include sleep timers, sleep timers, and LED screens. Buy now via direct Walmart with free delivery. Find the best disc player alarm clock for home everyday enjoyment.

страховка автомобиля от 26 сәуір 2025 21:55
Приобретение медицинской страховки во время путешествия — это разумное решение для обеспечения безопасности туриста. Полис включает расходы на лечение в случае несчастного случая за границей. К тому же, сертификат может обеспечивать оплату на возвращение домой. полис каско Ряд стран обязывают наличие страховки для пересечения границы. Если нет страховки лечение могут стать дорогими. Оформление полиса перед выездом

зеркало 1хбет от 27 сәуір 2025 10:54
На этом сайте вы можете перейти на свежую ссылку 1xBet без проблем. Систематически обновляем доступы, чтобы облегчить непрерывный вход к ресурсу. Переходя через зеркало, вы сможете получать весь функционал без ограничений. зеркало 1xbet Наш ресурс поможет вам быстро найти новую ссылку 1 икс бет. Нам важно, чтобы каждый посетитель имел возможность получить полный доступ. Не пропустите обновления, чтобы быть на связи с 1хБет!

CharlesraH от 27 сәуір 2025 14:57
Текущий модный сезон обещает быть непредсказуемым и инновационным в плане моды. В тренде будут натуральные ткани и игра фактур. Актуальные тона включают в себя чистые базовые цвета, сочетающиеся с любым стилем. Особое внимание дизайнеры уделяют принтам, среди которых популярны винтажные очки. https://firstamendment.tv/read-blog/57830 Возвращаются в моду элементы нулевых, в свежем прочтении. В стритстайле уже можно увидеть модные эксперименты, которые удивляют. Будьте в курсе, чтобы создать свой образ.

为了钱而下令谋杀 от 27 сәуір 2025 18:04
在这个网站上,您可以雇佣专门从事一次性的危险任务的人员。 我们提供大量训练有素的从业人员供您选择。 无论是何种危险需求,您都可以方便找到专业的助手。 如何雇佣刺客 所有合作人员均经过严格甄别,维护您的机密信息。 网站注重专业性,让您的个别项目更加安心。 如果您需要服务详情,请与我们取得联系!

Michealrog от 10 мамыр 2025 22:53
The site provides a large selection of pharmaceuticals for online purchase. Customers are able to securely access health products from your device. Our inventory includes both common medications and specialty items. All products is provided by trusted distributors. silagra india We maintain quality and care, with private checkout and timely service. Whether you're managing a chronic condition, you'll find trusted options here. Visit the store today and experience convenient healthcare delivery.

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (10402)

10 мамыр 2025 ж.

№33 (10401)

06 мамыр 2025 ж.

№32 (10400)

03 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 743
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031