» » МӘДІРАЙЫМ ИШАН КӨШЕСІ

МӘДІРАЙЫМ ИШАН КӨШЕСІ

2000 жылы аудан әкімі қызметін атқарған  Бекмырза Еламанов Жосалы кенті мен ауданға қарасты барлық елді мекендегі көше және мекеме, кәсіпорын атауын заман талабына сай өзгерту мақсатындағы  сол жылдың  7- желтоқсанындағы  №341 шешімімен бұған дейін тұрғындар тарапынан Сейітжан ахун атауымен аталып келген көше бұдан былай  діни ғұлама Мәдірайым ишан болып өзгертілді.

Мәдірайым ишан 1860 жылы  Қармақшы ауданына қарасты бұрыңғы «Ақтайлақ кезеңі» елді мекенінде діни сауатты, мешітте бала оқытқан  Құлмағамбет Сойырғасұлы деген беделді кісінің отбасында дүниеге келген.

Бала жасынан ауыл молдасынан діни сауат ашып, арабша ілім алған Мәдірайым өсе келе білімін жетілдіруде Бұқара қаласында орналасқан, талай дарын иелерін діни білім нәрімен сусындатқан  «Көкелташ» медресесінде білімін жетілдіруге бел буады. Бірақ, отбасында жалғыз ұл болғандықтан оны әкесі өзінен алысқа ұзатпай жанында ұстайды. Алайда, өз дегенінде тұрған Мәдірайым көп ұзамай үйінен қашып, Бұқара қаласына жетеді.  «Көкелташта»  он екі жыл бойы діни сауатын ашып, Шығыс ғұламаларының шығармаларымен танысады.

Міне, он екі жыл білім нәрімен сусындаған Мәдірайым ишан  да елге қайтып, Сырдария мен Қарөзектің қиылысқан жеріне келген соң әрі қарай  еліне барар жолды таппай  адасып тұрған кезінде  өзен жағасын саялаған ұлы жүздің  Жалайыр руының бір тармағы мекендеген ауылға жолығады. Сол ауылда бірер күн қонақ болған соң көршілес ауылда өткізілген үлкен асқа қатысады.  Дастархан басында төрде отырған ел ағасы Мәдірайымды танымай, жанындағыларға кім екенін сұраған кезде Мәдірайым өзін Бұқарадан  ілім алып келе жатқанын айтады.  Сол уақытта манағы ел ағасы Мәдірайымға құран оқуды тапсырады.  Ерекше мақаммен Құран оқып болған соң, ризалық танытқан ауыл адамдары жас білімпазға  ілтипат көрсетіп, рахметін айтады. Сол аста ел ағасы Мәдірайымды  бала қылып, ауылдан  мешіт салдырып, оған  молда етіп  тағайындайды.

Бірер жыл өткен соң, 12 жасында ауылды тастап, білім іздеуге кеткен баласын іздеп таппаған Құлмағамбетке  ауыл  үстінен өтіп бара жатқан жолаушы Мәдірайымның  қазіргі тұрағын айтып қуантады.

Міне, жолаушыдан қуанышты хабарды естіген Құлмағамбет  баласын іздеп,  Сыр бойына келген соң Мәдірайыммен кездесіп, мауқын басады. Ал, жыл өте Мәдірайым ишан ауылдастарының рұқсатымен туған еліне оралып, ауыл мешітінде бала оқытады. Отбасын құрып, ұл-қыз тәрбиелейді. Оның ұрпақтары арасында баласы Әбілда әке жолын қуып, Көкелташ медресесінде білім алады. Ел балаларына діни сауат ашуға еңбек сіңіреді.   



21 желтоқсан 2018 ж. 1 477 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 029

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031