» » ІБАШ ЖЫРАУ КӨШЕСІ

ІБАШ ЖЫРАУ КӨШЕСІ


1994 жылдың 16-шілдесінде сол кезеңдері Қармақшы ауданының әкімі қызметін атқарған  Жақай Бодықбаевтың №164 шешімімен бұған дейін  аудан тұрғындары тарапынан аталып келген  Стройтельная көшесі Ұлы Отан соғысында хабар-ошарсыз кеткен, Сыр сүлейі Ібаш Мыңжасаров атындағы көше болып өзгертілді.

«Жүз шайырдың Отаны» атауымен дүйім қазақ жұртшылығына танылған киелі Қармақшы өңірінің тумасы, Сыр сүлейлері арасында өзіндік орны бар Ібаш жырау 1909 жылы қазіргі Алдашбай ахун ауылында сол өңірге танымал би – Мыңжасар ақсақалдың баласы Райымбайдың отбасында дүниеге келген.

Ол өсе келе ауылдың өзге балалары сияқты діни ғұлама Алдашбай ахуннан  сауат ашып, елімізде Кеңес өкіметі орнағаннан кейін заман талабына сай білім алып, елдің тұрмыс-тіршілігін жақсарту мақсатында, өңір тұрғындарын бірлесе еңбек етуге, білім алуға аянбай еңбек етеді. Қызылорда қаласындағы мұғалімдер даярлайтын оқу орнында білімін жетілдіріп, туып-өскен ауылдағы мектепте шәкірт тәрбиелейді.
Бала жасынан ән мен жырға әуес болып өскен Ібаш Мыңжасарұлы  Сыр шайырлары Балқы Базар, дүр Оңғар, Шегебай, Жиенбай, Тасберген, Шораяқтың Омары, Тұрмағамбет сынды дауылпаз шайырлардың шығармаларын, сонымен бірге «Көрұғлы» және басқа да халықтық қиссалар мен әндерді нақышына келтіре орындап, халықтың сүйікті әнші-жыршысына айналады. Өзі де түрлі тақырыпта, оның ішінде сол кездегі қазақ халқының тұрмыс-тірішілігі мен ұлт батырларының өнегелі өмір жолдарын суреттейтін жыр, қисса мен дастандар жазған.

1941 жылы Ібаш жырау өзге қазақстандықтармен бірге неміс бас­қыншыларына қарсы соғысқа аттанады. Жосалы стансасынан майданға аттанған қармақшылықтармен бірге Ібаш жырау да  «Қызыл эшолонға» мініп, қолындағы домбырасымен  күндіз-түні жыр жырлап, майданға бара жатқан жерлестерін елге жеңіспен оралуға рухтандырған.

Туған елі мен жерін жаудан қорғап жүрген кезінде, яғни 1942 жылы Ресейдің Калинин қаласы маңында неміс фашистерімен жан беріп, жан алысқан ұрыста Ібаш жырау хабар-ошарсыз кетеді.

Соғыстан кейін жары Аяш анамыз  Ібаш жырауға іздеу салып хат жазғанда майдангер Ібаш Мыңжасаров ұрыс даласында немістерге қарсы өткізген  шайқаста ерлік көрсетіп, орденге ұсынылғаны жайлы хат келеді. Бірақ, оның қаза болғаны яки тірі екені туралы  еш жерде жазылмаған.
10 желтоқсан 2018 ж. 1 391 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031