» » » ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІҢ жанашыры

ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІҢ жанашыры

Жуырда Қуаңдария ауылында №186 орта мектепте аудан әкімінің тұрғындармен өткізген есепті кездесуіне барғанымызда әрі сыйлас ағайым, әрі жездем Асқарды көрдім. Жиынның басталуына біршама уақыт бар болғасын, екеуміз біраз шүйіркелесіп, түрлі тақырыпта әңгіме тізгінін тарқаттық. Әңгіме үстінде Асекең: "Ұлттық салт-дәстүрмен айналасып жүрген адамдар жайында мағлұмат жинап жүруші едің. Жиын басталамын дегенше біршама уақыт бар. Жүр, бір шебермен таныстырайын. Ол кісі осында мұғалім" деді. Рас, жиынның басталуына әлі уақыт бар екен. Асекеңе еріп, кең дәлізді артқа тастаған соң, бір кабинетке кірдік. Мұнда орта жасқа келген мұғалима жұмыс істеп отыр. Аман-саулықтан соң, Асекең екеумізді таныстырды. Мән-жайды қанықтарған соң ол өз жөнімен кете барды.
Ақмарал Әбдіқалиқызы әңгімешіл болып шықты. Бірден мені сынып ішіндегі қабырғаға ілінген, үстел үстіндегі ақ жүннен басылған оюға толы шағын киіздер мен киізден жасалған пима, байпақ, қолғап, малақай, қоржын мен басқа да түрлі өрнекпен кестеленген бұйымдармен таныстыра бастады. Кішкентай болса да көздің жауын алатын осы бір өрнекті киіздерді көргенімде, әуелден-ақ көз алдыма отыз-қырық жыл бұрынғы оқиғалар, турасын айтқанда пешке артын беріп, қолына жүн оралған ұршықты тізесіне батыра шыр айналдыра иіріп отырған әжем мен бір қолы мүкіс болса да әжем иірген жіптен шұлық тоқып отырған анамды, сонымен бірге жаздың қоңыр салқын кешінде әнге салып, киіз басқан көрші аналарды есіме түсірдім. Иә, ол бір қайтып оралмас жылдар бүгінгі орта және аға буын өкілдерінің ғана есінде қалғаны анық.
–«Ауыл іші – өнер кеніші» дегендей, ауылдағы балабақшаны басқарған анам Жамал күні бойы қарбалас жұмыстан шаршап келсе де, кешкі шәй-тамақтан соң әрдайым қолына ине-жібін алып кесте тігетін, тоқыма тоқитын, жазғытұры ауылдағы өзі шамалас құрбыларын шақырып, қазанға етті асып, сары самаурынды қайнатып, әндетіп-думандатып киіз басатын. Бала жасымда анамнан көп нәрсені үйрендім. Ол кісінің тәлімі бүгінде өзіме нан болды. Үйімдегі көрпе-жастық, киіздің барлығын өзім тігіп, бастым. Текемет те тоқыдым. Қыздарымның жасауын да өзім істедім. Көрші-көлем, ағайынның да тапсырысымен киіз, көрпе-жас­тық­тарды тігіп-басқан кезім болды. Марқұм енемнен көп нәрсені үйрендім. Жарықтық, ақылды де зерек кісі еді. Білгенін үйретуден жалықпайтын-ды. Ұрпақтарының өнерлі болып өсуіне көп еңбек сіңірді. Бірақ, бір өкініштісі заман ағымына қарай бұл іс қазір қажет болмай қалған сияқты. Қазір кілем, текемет, жайылғыштардың барлығы да жаңа технологиялық құрал-жабдық арқылы істелуде. Десе де, Елбасының ұлт дәстүрін өскелең ұрпақ жадында сақтауға арнаған "Рухани жаңғыру" жобасы аясында ұмытылуға сәл қалған салт-дәстүріміз қайта қалпына келуде. Аталар дәстүрін қайта жаңғыртуға өскелең ұрпақ та үлесін қосуда. "Шәкіртсіз – ұстаз тұл" демекші, Аслан Өтешбаев, Айзада Басқынбай, Сымбат Әбжан, Рамазан Сәтбаев, Айша Уәйіс, Жібек Әміртай, Әлия Орынбаева, Меңсұлу Кеңшілікова, Маржан Бектұрсынова сынды алғыр шәкірттерім істеген бұйымдарымен аудандық, облыстық, тіпті респуб­ликалық жарыстардан жүлделі оралуда. Азаматым, ауған соғысының ардагері Бақытбек Оспановпен бірге үкілеп өсірген ұл-қызымыз бүгінде ана тәлімін санасына құйып өсуде. Олар да бала кезінен машықтанған. тоқыма тоқу, іс тігу сияқты жұмысты өздері істей береді. Қазіргі таңда ауылдағы қыз-келіншектер кесте тігу, тоқыма тоқу дегенді білмейді емес, біледі. Менің зерделі ісіме қызығады. Үйренейік деп үйге келеді. Шәй ішіп отырып, қолдарына ине-жіп беремін. Кестені қалай тігу керегін үйретемін, – дейді қолынан бал тамған шебер.
Елбасы бірер жыл бұрын ата-баба салт-дәстүрін қайта жаңғырту мақсатында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын ел-жұртқа үндеу етті. Үндеу етіп қана қоймай, ежелден бабалар ұстанған ұлы мұраны ұрпақ санасына сіңіртуге бастама жасады.
Міне, Елбасының ұлт дамуы жолындағы сара саясатына қашаннан ата салт-дәстүрді берік ұстанған киелі Қармақшы өңірі халқы да өз үлесін қосуда.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ
01 ақпан 2019 ж. 1 013 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 063

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031