» » АҚШ-тағы қандастарымыз Нью-Йоркте Наурыз мерекесін тойлады

АҚШ-тағы қандастарымыз Нью-Йоркте Наурыз мерекесін тойлады

Күн мен түн теңелген Наурыз мейрамы елімізде ғана емес, әлемнің әр түкпірінде әлі де мерекеленіп жатыр.
Мәселен, Қазақстанның Нью-Йорктегі Бас консулдығы АҚШ-тағы қазақ диаспорасы өкілдері мен студенттердің басын қосып, рухани кеш өткізді. Шараға ұлттық шапанымызды киіп келген Бас консул Жәнібек Әбдірашев, меймандарды мерекемен құттықтап, наурыздың мән-маңызы жайлы кеңінен баяндап берді. Ал алыста жүрген ағайын болса Қазақстаннан арнайы шақыртылған «Нұр Орда» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің орындаған әндері мен күйлерінен ләззат алып, мауықтарын басты.
Гэйл А, Брюер Манхэттен округінің президенті:
- Дәстүрлі ұлттық киім үлгілері мен әншілер киген аппақ көйлектер керемет әдемі екен. Дәстүрлі ән-күй де қатты ұнады. Осында келгеніме қуаныштымын. Манхэттен округының президенті ретінде алғыс айтқым келеді. Сіздердің мәдениеттеріңіз, музыка мен салт-дәстүрлеріңіз бүгінгі жиынның сән-салтанатын паш етті. Осында жиналған барлық қауымға тыныштық пен денсаулық тілеймін.
Алексей Осипов, «Комсомольская правда» газетінің АҚШ-тағы тілшісі:
- Көктемнің басты мерекесі - Наурыз молшылықтың белгісі екенін бала кезден білемін. Тіпті мен «ақ мол болсын!» деген тілекті де есімде сақтап қалдым. Көктем - бұл үміттер оянатын кез. Яғни, молшылыққа үміттенген уақыт. Адамдар арасындағы жылылық пен мейірім әрқашан үстем болсын, Ең бастысы Ресей, Америка және Қазақстанның қарым-қатынасы дами берсін дегім келеді. Халықаралық деңгейдегі байланыстардың ынтымағы арта берсін. Бүгінгі Нью-Йорктегі іс-шараға арнайы Астанадан ұшып келген музыка ұжымының қадамы осында жиналған адамдардың жүрегіне жылылық ұялатты.
26 наурыз 2018 ж. 1 261 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 115
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 703

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031