Бейжіңде Орталық Азияның 5 мемлекетінің өкілдері Наурыз мерекесін тойлады
Қытай астанасында Орталық Азияның 5 мемлекеті бірлесіп, Наурыз мерекесін өткізді. Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Әзербайжан елінің өкілдері Ұлыстың ұлы күніне ерекше дайындалған. Салтанатты шарада сөз сөйлеген Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев осындай бірлескен шара таяуда ғана Астанада өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының тарихи кездесуінің жалғасы және өзара келісімнің көрінісі деп атап өтті. Мерекелік концертте әр елдің салт дәстүрі көрсетіліп, әуезді әні шырқалды. Жұртшылық қазақтың тұсаукесер рәсімін тамашалап, шашу шашылды. Сөйтіп жиналған қонақтар 6 мемлекеттің түрлі тағамдарынан дәм татып, бірін-бірі Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады. Ци Чжэньхун, Қытай халықаралық мәселелерді зерттеу институтының президенті: – Осындай достық алаңында Наурыз мерекесін сіздермен қарсы алғаныма өте қуаныштымын. Мемлекеттер арасындағы байланыс, сенімді серіктестік арта берсін. Барша жұртқа осы бір тамаша мейрам құтты болсын дегім келеді.
Пікір 1