» » Жосалы кенті тұрғындарымен өткізген есепті кездесуі

Жосалы кенті тұрғындарымен өткізген есепті кездесуі

Аудан əкімі Сұлтан Мақашовтың Жосалы кенті тұрғындарымен өткізген есепті кездесуі аудандық ішкі істер бөлімі əкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы Бағдат Ақтаевтың кент бойынша қоғамдық тəртіпті қамтамасыз ету, оның ішінде кент тұрғындары арасында жасалған қылмыстық істер мен басқа да шаралар жайын баяндаумен басталды.
Жиын одан əрі Жосалы кентінің əкімі Шыңғыс Сыздықовтың кент бойынша атқарылған жұмыстар жайындағы хабарламамен жалғасты. Расында да, биыл да жылдағыдай аудан орталығын абаттандыру жəне көркейтуде ілкімді істер істелді. Сонымен бірге, кентте бір мектеп пайдалануға берілсе, бірнеше көшеге жарықтандыру жəне күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді. Балалардың жазғы демалысына арналған тынығу лагерінің құрылысы жалғасуда. Елбасы қолдауына ие болған кəсіпкерлер де тұрғындардың сұранысын қамтамасыз ету мақсатында түрлі бағытта кəсіпкерлік нысандар ашып, ел-жұртқа еңбек етуде.
Есепті жиынның келесі бөлімінде аудан басшысы Сұлтан Ысқақұлы өңір бойынша өткен жылы өрнектелген келелі істерді, оның ішінде аудан экономикасының өсу динамикасын саралап, əр сала бойынша қол жеткізген жетістіктерге тоқталды. Мемлекет басшысының елімізде кəсіпкерлік саласын дамытуға арналған саясатын жүзеге асырылған жобалар жайында сөз қозғады. Сондай-ақ, тұрғындардын сауалдарына жауап берді.

Н.Жанәділов
22 қаңтар 2019 ж. 1 501 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (10467)

27 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 191
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 835

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031