Өңір өркендей береді
Аудан əкімі Сұлтан Мақашовтың өңір тұрғындарымен есепті кездесуінің екінші күні Дауылкөл ауылдық округінде жалғасты. Ауыл əкімі Бақытбек Байбарақовтың есепті кезеңде округ бойынша атқарылған жұмыстар туралы хабарлама жасап, өткен жылы округ əлеуетін арттыруда айшықталған ілкімді істерді сараланған соң, одан əрі жиын тізгінін алған аудан басшысы Сұлтан Ысқақұлы алып, өңір экономикасы мен халықтың тұрмыс-тіршілігін арттыруға бағытталған игі істерге тоқталды. Оның ішінде, өткен жылы ауданда мектеп, балабақша, спорт кешені жəне бірнеше кəсіпкерлік нысан пайдалануға берілгенін, сонымен қатар Байқоңыр қаласында бес қабатты бес тұрғын үй жəне балалар тынығу лагері салынуда екенін айтты. Сонымен бірге, ауданда автокөлік қатынасын ретке келтіру мақсатында 3 ауыл мен Жосалы кентіндегі бірнеше көшелерге жөндеу жұмысы істелді. Ағымдағы жылы <Ақтөбе-Көмекбаев> автожолының кейбір бөлігін жəне Қызылтам елді мекеніне кіреберіс жолын қайта жаңғырту жұмысын жоспарлауда екенін тілге тиек етті. Ауыл шаруашылығы саласында қол жеткізген жетістікті айта келе, ағымдағы жылы <Тұрмағамбет> жəне <Жаңажол> ЖШС соя дақылын егуді қолға алуды жоспарлап отырғанын, мал шараушылығын өркендету мақсатында да ілгерілек бар екені, осы мақсатта бүгінде 50-ден астам шаруашылық құрылымы мал басын түрлендіруге атсалысып отырғанын мəлімдеді.
Тағы бір айтарлық жайт аудан орталығын газдандыру жұмысы басталатынын айтып қуантты. Сонымен бірге, Елбасының <Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру> бағдарламасы аясында Қорқыт ата мемориалдық кешені ЮНЕСКО тізіміне енгенін, Марал баба мазары жөндеуден өткенін, сондай-ақ аудан спортын дамытуда да қол жеткізген жетістіктерді айта келе кент жəне елді мекендерде орналасқан спорт алаңдарын күрделі жөндеуден өткізілетінін жеткізді. Жиын барысында ауыл тұрғындары Тоғанас Сарыбаев, Аманкелді Мүсілімов, Əшімбек Қамбаров жəне басқалардың ауыл əлеуетін көтеру мақсатында көтерген сауалдарына аудан əкімі тұщымды жауап берді.