» » САНАҒА СЕРПІЛІС ҚАЖЕТ

САНАҒА СЕРПІЛІС ҚАЖЕТ

ТАЛАЙ ЖИЫННЫҢ АРҚАУЫ БОЛҒАН БІР МӘСЕЛЕ БАР. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ДЕГЕН. АТЫНАН АТ ҮРКЕТІН АТАУДЫҢ МІНБЕРДЕН ТҮСПЕЙ ЖҮРГЕНІНЕ НЕ СЕБЕП? АЙТПАСА ДА ТҮСІНІКТІ. ТАМЫРЫ ТЕРЕҢГЕ КЕТКЕН, ЖАПЫРАҒЫ ЖАЙҚАЛҒАН МӘСЕЛЕНІҢ КӨП БОЛҒАНДЫҒЫ СЕП. МЕМЛЕКЕТ БҰЛ БӘЛЕКЕТПЕН КҮРЕСІП-АҚ ЖАТЫР. ҚАНША КІСІ ТЕМІР ТОРҒА ТОҒЫТЫЛДЫ. ҚАНШАСЫ АБЫРОЙЫНА НҰҚСАН КЕЛТІРДІ. АЙНАЛЫП КЕЛГЕНДЕ МЕМЛЕКЕТТІҢ ӨРКЕН ЖАЮЫНА КЕСІРІН ТИГІЗЕР ПАРАҚОРЛЫҚ ӘЛІ ЖОЙЫЛАР ЕМЕС. ӨЙТКЕНІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТҰРМЫСТА ЕМЕС, САНАДА ТАМЫР ЖАЙҒАН. АТАУЛЫ БӘЛЕКЕТПЕН КҮРЕСУ ҮШІН – САНАДА «СЕНБІЛІК» ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚАЖЕТ. ӘДЕТТЕ КӨШЕДЕГІ, ҒИМАРАТ АЛДЫНДАҒЫ КӨГАЛДЫ АРАМ ШӨПТЕН ТАЗАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ КӨКТЕМГІ СЕНБІЛІКТЕН БАСТАУ АЛАДЫ. СОЛ УАҚЫТТА ПАЙДАСЫ АЗ, БІРАҚ, ҚАУЛАП ШЫҒАР ШӨПТЕР ТАМЫРЫМЕН ҚОПАРЫЛЫП, ОТАЛАДЫ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТА АРАМ ШӨП ІСПЕТТІ. ОЛ МЕМЛЕКЕТТІК НЫСАНДАРДА, МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАРАСТЫ МЕКЕМЕЛЕРДЕ ҚАУЛАП ТҰР.
Бұл жайында сыбайлас жемқорлықпен күресте елеулі рөл атқаратын арнайы мониторингтік топтың тұрғындармен өткізген жиынында сөз болды. Аталған жиынға мемлекеттік қызметшілер, мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтін қызметкерлер қатысты. Мониторингтік топтың жетекшісі Ә.Құлдүйсенов, аудан әкімінің орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл Ә.Қошалақов, аудандық мәслихаттың хатшысы М.Наятұлы атаулы топтың жұмыс жайын, сыбайлас жемқорлықпен күресудің жай-жапсарын сөз етті.
– Сыбайлас жемқорлықты жоюды неден бастау керек? Сананы «берсем алам» деген сынадай бәлекеттен тазартқан жөн. Сана түзелмей – қоғам түзелмейді. Шынын айту керек, жемқорлық індеттеген жерде бәсекелестік болмайды. Бәсекелестік – нарықтық қоғамның мятнигі, алға сүйреушісі. Демек, бұл індет қоғамның ғана емес, тұтас мемлекеттің дамуын тежейді, – деді аудан әкімінің орынбасары Ә.Қошалақов.
– Жемқорлықтың шығуына себеп біреу – адалдықтың жоқтығы. Кімде-кім істеген, істеп отырған жұмысына адал болмаса, көз қыстылық, бармақ бастылықпен парақорлыққа барады. Адалдық болған жерде әділдік болады, адамдық болады. Жемқорлықты жай қылмыс деп қарамауымыз керек, елдің іргесін сөгіп, болашағына балта шабатын қылмыс, – деді аудандық мәслихаттың хатшысы М.Наятұлы.
Жиын барысында бірнеше аудандық бөлімнің басшысы баяндама жасады. Сөз еткен тақырыпты талдауда біраз жайдың басын ашты. Мәселен, жемқорлықтан ада қоғам түзу үшін жастарды тәрбиелеу керек. Қалай дейсіз бе? Бастысы, өз жұмысына тиянақтылық пен ыждаһаттылық, жауапкершілік, міндеттілікті келер буынның бойына ұялату қажет. Ол үшін алдыңғы буын, яғни қазіргі атқамінерлер үлгі болуы тиіс. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген бар. Сондықтан «алыс-берістікті» қоғамнан алшақтату үшін аудан әкімінің орынбасары Ә.Қошалақов айтқандай санаға серпіліс берейік.
Д.САДЫҚ.
22 сәуір 2018 ж. 1 174 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031