» » » БАЛАНЫ БАСҚАНЫҢ БАУЫРЫНА САЛҒАН ДҰРЫС ПА?

БАЛАНЫ БАСҚАНЫҢ БАУЫРЫНА САЛҒАН ДҰРЫС ПА?

Әдетте дүниеге сәби келгенде атасы мен әжесі тұңғыш немересін бауырына салып жатады. Біріншіден, ата мен әже – көпті көрген, өмірдің талай белестерінен өткен, жақсылы-жаманды өмір кешкен тәжірибесі мол адамдар, екіншіден бала тәрбиелеуде әлі жас ұл мен келіннің тәжірибесінің аздығын білгендіктен де немерені өз қамқорлығына алады. Бұл дегеніміз - ешқашан баланы ата-анасынан бөлмей, ананың ақ сүтінен ажыратпай өсіру.
Ертеректе баласы жоқ қазақ отбасылар, баланы жаттан емес өз ағайын-тумаларының арасынан алған. Аты қойылған бала болса, атын өзгертіп қойып, қолына асықты жілік ұстатып, той жасап, етегіне түсіріп асырап алған. Жақынына баласын бергендер ол баланы қайтарып ала алмайды. Баласы жоқ туысына қиып бергендіктен, ағайын-туғанның алдында, Алланың алдында балаға таласпаған. Рас, бағып алған ата-ана балаға дұрыс қарамай, өз дәрежесінде тәрбиелемеген жағдайда ағайын-туғанның араласуымен бұл мәселені бір жақты етіп шешуге тырысқан. Ондай жағдай өте сирек кездеседі. Балаға аңсап жеткен отбасы мұн­дай өрескелдікке бармаған. Бір ғана баласы бар ағайын кейде жалғызыма серік болсын деп жақын туысқанының баласын бауырына салып асырап, өз баласынан кем қылмай өсірген. Баланы баққан ата-анасы мен дүниеге әкелген әке-шешесі «Құдай алдында сұрақсыз» деп танылған. Ауылдағы үлкендер жағы ауыздарына берік болады, ал асырап алған баланың құпиясын ашқан адам жазаланатын болған. Ал, қазір ше? Осы салтты ұстанып жүрміз бе?
Қалай айтсақ та қазіргі қолданысымызда туыс пен бауырдың, дос пен таныстың арасындағы байланыс сәл де болса ажыраған сыңайлы. Себебі «пәленшеге баласын беріпті» дегенді өте сирек естиміз. Әрине, өзе­гіңді жарып шыққан сәбиді өз қолыңмен өзгеге ұсыну қандай ауыр екені айтпаса да түсінікті. Кейде осы салт дәстүрді ары қарай жалғастырған дұрыс та шығар деп ойланасың. Баласын дәретханаға, қоқыс жәшігіне, сәбилер үйіне тастағаннан гөрі өзінен де артық көретін осындай балаға мұқтаж жандарға беріп бір қуантқанға не жетсін. Бір жағынан елімізде «сәбилер үйі» де азаяр ма еді?... Өзімде осындай бір қуаныштың куәсі болғаным бар. Інісі ағасына ізбасары болмағаннан кейін атқамінерін «бауырына салған» еді. Дүниеге келе сала өз баласындай көріп, перзентханадан да үлкен салтанатпен күтіп алып жатты. Көздеріндегі қуаныштан төгілген көз жасын көрсеңіз. Қарап тұрып жыламау мүмкін емес-ті. Сол кезден хандай күткен сәбиін әлі де төбесінен құс ұшырмай, бетінен қақпай аялап отыр. Оған берген ата-ананың да көңілі тоқ. Дегенмен дүниеге келген сәбидің әкенің жылы қабағы мен ананың мейіріміне бөленіп, еркелеп толыққанды отбасында өскені бәріміздің жүрегімізге жылу ұялатады. Қазақ отбасында дүниеге келген сәбилердің шат күлкісі шаңырағыңыздан кетпесін, ағайын.
Арайлым АБАЙҚЫЗЫ
29 қаңтар 2018 ж. 2 239 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (10362)

07 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 791

Сұхбат

Мәдениет

Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.
БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

08 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 836

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031