» » » ҰРПАҚҚА ӨМІР СЫЙЛАҒАН

ҰРПАҚҚА ӨМІР СЫЙЛАҒАН

 
Ақын Қали Шыңғысовпен қызметтес болған жылдары екеуара өмір туралы сыр шерткенде: «Қазақта қай жағынан алып оқысаң да ол сол қалпыңда қайталанатын «Ата» және «Ана» деген сөздер бар. Бұл ұғымдар қазақ халқы үшін қасиетті әрі құдіретті» деп отыратын. туған халқының салт-дәстүрін қадірлей білген әрбір қазақ баласы ата-анасын аялайды.
Мен үшін дүниедегі ең ардақты туған әкем Айтбай Басшыбайұлы Жосалы теміржол бекетінде зейнет демалысына шыққанға дейін теміржолшы болып еңбек етті. Әрине, асқар тау әкенің біз үшін орны бөлек. Ол әрдайым ұрпақтарын қарапайым тұрмыс-тіршіліктен бастау алатын тәрбиелік мәні зор міндеттер арқылы еңбекке баулыды.
«Әке көрген оқ жонар» дегендей, әрбір әкенің ер балаға тәрбие берудегі рөлі зор. Бала да әкесіне ұқсауға жігерленеді. Көпбалалы отбасының үлкені болғандықтан әкем Сағынбек ағайым екеумізді сабақтан кейін үйге жақын жерде орналасқан шарушылық бекеттеріне вагонмен келетін жем, құрылыс материалдарын түсіртіп, еңбекақы табуға баулитын. Бұл адами сыйластықтың аясын кеңейте түсетінін есімізге салатын.
Мейірімен шуақ төгіліп тұратын анам Мамық Рысманбетқызы бар өмірін балаларының тәрбиесіне арнаған аяулы жан еді. Ол үй жұмысымен қоса қоғамда болып жатқан әрбір оқиғадан ой түйетін, перзенттерін адами жолмен жүруге насихаттаудан жалыққан емес. Өнерге деген ықыласы соншалықты, Алпамыс пен Қобыланды және Жанқожа батыр жайлы жыр-дастандарды жатқа айтып, балаларын батылдық пен елжандылыққа тәрбиеледі. Жалпы, ұлдарының ұлықты, қыздарының қылықты болып өсуіне ерекше мән берді. Сөз арасында жауынгер-ақын Әбзәли Егізбаевтың балалары, аудандағы басшылық органдарда абыройлы қызмет атқарған ағалы-інілі Нағымет пен Амангелді ағалардың қадір-қасиетін әңгімесіне арқау етіп, оларды үлгі ретінде айтып отыратын. Әсіресе, Қорқыт ата атындағы университетінің ректоры, Қызылорда қаласының әкімі, ҚР Парламенті Сенатының депутаты қызметтерін абыроймен атқарған қоғам және мемлекет қайраткері Бақберген Досманбетов ағаның Диірментөбеден аудан орталығындағы мектепке жаяу қатынап оқыған кезіндегі елгезектігі мен қайырымдылығын, көпшілдігі мен талапшылдығын өнеге ететін. Бақберген ағай үйге келгеннен ақ, «Жеңеше, қандай шаруаға көмектесейін, қора-қопсыда қандай жұмыс бар?» Содан кейін қолымдағы бар жылы-жұмсағымды мен де дастарханға қоятынмын», – деп отыратын марқұм анам.
Анамның айтуынша, Басшыбай ата сол заманның өзінде-ақ базарда сауда жасаған екен. Ол Алдашбай ахун ауылына қыдырып барғанда ағайындары оның барлық киімін қалап алады екен. Содан үйге желең киіммен келген атасына келіні:
– Ата-ау, мұныңыз не? дегенде
– Елдегі ағайынның жағдайы қиын екен, денім сау болса базардамын ғой, киімді өзің жаңадан тігіп берерсің, – дейді екен.
Мамық анамыз мұсылманшылык әдет-ғұрыпты қатаң ұстады. Тіпті, ұрпақтарына ат қойғанда міндетті түрде дуалы ауыздылардың қойғанын жөн санайтын. Менің есімімді Мұсахан деп Әлмұрат деген молда кітап ашып қойса, немересі Бердібектің есімін облысқа нарықтық экономиканың жаңалығын әкелген, жаңашыл әкім Бердібек Машбекұлының есімін ырым етіп койған еді.
Міне, ұрпақтарына шуағын шашып, жарқын өмір сыйлаған ата-анам Айтбай Басшыбайұлы мен Мамық Рысманбетқызының дүниеден озғанына біріне 25, ал біріне 10 жыл болыпты. Олардан тараған ұлдары Шәкіманның да о дүниелік болғанына 15 жыл, ал Әлима өткен жылы өмірден озды. Шәкіман ата жолын қуып, ұзақ жыл теміржол саласында еңбек етсе, Әлима 30 жылға жуық шәкіртке білім нәрін септі.
Мұсахан БАСШЫБАЕВ,
саяси ғылымдарының кандидаты,
ҚР Білім беру ісінің үздігі.
17 тамыз 2018 ж. 1 624 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 022

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031