ЖАҢҒЫРЫҚ
Өткен ғасырдың отызыншы жылдарында елімізде сталиндік геноцидтің құрбаны болып, Сібірдегі «Итжеккенге» айдалғандардың бірі – менің әкем Омар Баймаханов 1932-1938 жылдары Қармақшы ауданына қарасты «Бірлестік» колхозының төрағасы қызметін атқарып жүргенде ауылдағы шолақ белсенділердің арызымен «халық жауы» атанып, сотталды. Бірақ, несібемізге орай әкем 1940 жылы жазда ақталып, елге оралды .
Иә, тарихтан тағылым, өткенге тағзым ету өскелең ұрпақтың парызы. 1937 жылы жазықсыз жаламен қамалған «Қызыл әскер», қазіргі Дүр Оңғар ауылының тумалары Ахмет Тұрғанбаев, Тыныштыбай Жайшылықов, Жұқа Төребаев, Сүйіндік Бекмұрзаев пен басқа да атпал азаматтарға ауыл орталығындағы тағзым алаңынан ескерткіш белгі қойылады дегенді естіп, қуаныштан көзіме жас алдым. Осы игі істің басында жүрген, «отыз жетідегі» қуғын-сүргіннің құрбаны Ахмет Тұрғанбаевтың баласы Әбдіраманның ұрпағы Молдабек Ахметовке айтар аналық алғысым шексіз.
ҚР ІІМ-нің мұрағаты қорынан алынған деректер бойынша қазақ халқының басына түскен, сонау отызыншы ауыр жылдардағы жаппай саяси-қуғын-сүргіннің құрбаны болған кейбір азаматтар елге аман-есен оралса, біразы сол жерде мәңгілік мекен тапты. Күні бүгінге дейін кейбірінің жатқан жері белгісіз, тіпті бейіті де жоқ.
Ал, мен енді осы мақаланы жазуыма арқау болған жандар жайлы сөзге көшсем. Көнекөз қариялардың айтуынша 1879 жылы осы өңірде дүниеге келген Ахмет Тұрғанбаевтың ауыл тұрғындарына жасаған қамқорлығы көп болған екен. Бірақ, «Итжеккендегі» өткізген ауыр күндері бойын дендеген науқастықтан елге оралған соң көп ұзамай өмірден озды. Ахмет атаның бейнесі әлі де көз алдымда. Оны ауылдастары Қапасақал Ахмет дейтін. Міне, сол Қапасақал Ахмет түсі қара, бойы ұзынша, денелі, қақпақ жауырынды еді.
1936 жылы осы күнгі «Генерал тамы» елді мекенінде «Бірлестік» колхозы орналасқан болатын. Ал, сол ауылдың төрағасы болып Омар әкем қызмет етті. Кейін сол елді мекен аумағына Еңбек ері Цай Ден Хак алма көшеттерін егіп, «Омар бағы» атандырды. Бақ көп жылдар бойы жеміс берді. Қай жылы екені есімде жоқ бірде үйге Тұрмағамбет ақын Балбибі әжеме сәлем бере келгені бар. Сол күні бізге Орманның Ахметі, Көлбай әкем және басқа да ауыл жайсаңдары жиналып, дастархан басында үлкен жиын өткізді. Ақын ата домбырамен жыр жырлап, таң атқанша ауыл тұрғындарын жырмен сусындатты. Әңгіме арасында Көлбай ата Тұрмағамбетке қарап:
–Тұрмағамбет шырағым, біз ылғи төменгі ауылдың жолына қарап, сені сағынып күтеміз, сені келгенде қуанып, төбеміз көкке бір елі тимей қалады. Ал, сен болсаң қайта-қайта Ахметті іздей бердің. Бәріміз жиналып сонда мына бір «Қапасақалға» тұрмадық па? – деді әзіл-шынын араластыра.
Осы сөзді естіп, орнынан бір ыршып түскен Тұрмағамбет:– Ойбай ағажан, тіпті олай емес, сіздерді көріп мен де бір жасап қалдым. Бәріңізді де сағынамын, тек Ахметті көптен көрмегесін, іздеймін ғой ағасы, – деп титықтап қалды.
Содан Көлбай әңгімесін жалғастырып:
– Тұрмағамбетжан өзің айтқандай, «Аға деген ініні ғалым десе болады, шөлдеп ішкен сусынды балым десе болады» дегендей, әр нәрсені өз орнымен реттейтін, көптің жағдайына қарап, ел қамын ойлайтын, аумалы-төкпелі заманда, елге сүйеу болған халқына адал, жеке басының ғана емес, ел қамын ойлаған ұлт қамқорын іздегенің артық емес. «Тектілік тегін» болмайды деген халықтың сөзінде де қате болмаған, Ахметті қалай іздесең де реті, – деді.
Осындай ойы терең әкелер сөзі мен халықтың берген бағасын зерделей келе, Ахмет атамның елдің тірегі, адамдық пен сыйластықтың дәнекері болған, ауылдастарының келешегін ойлап, елді ел етудің қамын жасаған тау тұлға болғанын аңғардым. Жаны жәннатта болғай Үбісұлтандай шежіреші әрі ақын, әрі жырау өмір сүргені баршаға мәлім. Әкем әрдайым оны өзіне жақын тартып жүретін. Бір күні үйге сол Үбісұлтан келді. Бұл хабарды естіген ауыл-аймақ түгелімен біздің үйге жиналды. Ел ауызында ағалы-інілі атанып кеткен әкем мен Үбісұлтан жырау бір-бірімен мәре-сәре болып жатыр. Амандық-саулықтан кейін қонақ төрде жайылған көрпеше үстіне жайқасқан соң әкем сыртқа шығып бара жатып, артынан ерген маған шай жабдығына кіріс деп тапсырма берді де өзі әрі қарай жүріп кетті. Сәлден соң ол көрші Жүсіп ағаны ертіп келіп, қорадағы семіз қойды сойып, қазанға етін ас деді.
Әне-міне дегенше шай да дайын болды. оның артынша қуырдақ та жетті. Сол кезде үйге Сарықасқа руының ақсақалдары Тұрсын, Тойлан, Райым, Нұрхан, төре Әбдіғаппар, кете Рысбай және басқа да игі жақсылар Үбісұлтанды күтіп жүргендей үйге кіріп келді. Көптен көріспеген олар жыраумен сағынышпен қауқылдасып жатыр. Қайрат-күші қайтпаған Үбісұлтан таң атқанша жырлады, Үрістембектің желдірмесінен бастап, Тасбергеннен төгіліп, жырсүйер қауымның құлақ құрышын қандырды. Сол түні жырмен сусындаған жұрт таң ата үйіне көңілді қайтты. Ертесіне Үбісұлтан мен Омар әкем ұйқыдан тұрған соң, таңертеңгі шайды ішуге отырды. Шай үстінде әкем Үбісұлтанға қарап сөз бастады.
–Аға! Мына жалған дүниеде бәрі де өткінші екен. Ел-халқыңды, аға-інің мен жаныңдай құрметтейтін аяулы достарыңды қанша жақсы көргеніңмен, бітпейтін қу тірлік пен жүріп өткен өмірің өте береді екен. Десе де, мен уақыт тауып елі үшін жанын аямай еңбек еткен ағаларды қолымыздан келгенше құрметтеп, әулиедей пір тұттым. Сол саусақпен санарлық ағаларымның бірі де бірегейі қапасақал Ахмет еді. Міне, сол ағаның орны мен үшін ерекше екенін және ағайын ғана емес, жат жердегі қалың елге қамқор болып, ел жүгін арқалаған жан екенін еске салайын деп отырмын. Қара жер кемесі қайыспас қара нарлық іс көрсеткен тұлғаны еш уақытта ұмыта алар емеспін. Ел ауызынан өзіңіз де естіп жүрген шығарсыз. Кешегі бір зұлым кезеңдерде Ахмет аға талай тұйықтардан жол тауып, қауіпті кездерде қиындықты елмен бірге көтерді. Енді осындай атпал ағаның еңбегін бағаламай, сыйламай көрші, – деді... Жаңылыспасам 1929 жыл болар. Артельдік құруға дайындық жасап «ТОЗ» деген деген ұйым құрамыз деп дамыл таппай жүрген кез болатын. Үйде енді ғана шай ішкелі отырғанда Ахмет ата кіріп келді. Ол дастархан басына отырған соң, әкеме қарап: – Қарағым, білем, сен де шаршап жүрсің, бұл жер арыз айтатын жер болмаса да, жақынымсың ғой көңілімдегіні айтайын, – деді де – Осы сен мені малма тымақ, түтін танымас қараның бірі деп жүрсің бе? Әлде жаман мен жақсының арасын айыра алмайтын есепсіз деп ойлайсың ба? Мен саған анау Тыныштықбайдан қанша қашықпын. Кешегі «Жалпақ асардағы» болған жиналыста кедей-кепшікке, жетім-жесірге мал, азық-түліктен жәрдем берді деп оны мақтапсың. Ал, мен болсам одан да бұрын ешкімге сұратпай-ақ, жоғары жақтан келгендеріне айтқызбай-ақ кедейлеріңді шақырып, қанша мал, азық түлік, тіпте киім-кешекке дейін бердім емес пе? Соның басы-қасында сен де жүрдің. Сен неге менің еңбегімді халық алдында айтпайсың, – деп, өктемдеп жіберді.
Ағасынан осындай сүйектен өтердей ауыр сөз естіген әкем сабырлық кейіппен ағасына жымия қарап:–Тынышекеңді айрықша мадақтайын дегенім жоқ еді, аға. Ол кісінің көзінше айтқаным, кедей-кепшікке өзі жәрдем берді. Ал, сіз сұраттырып бергеніңізді ол кісінің бергеніне жетпей жатыр деп, сізді оның алдында кішірейту менің ойымда жоқ. Не болса да кедей-кепшікке болсын деген ойым еді, аға. Қайсыңыз да кедейге қамқор болып берсеңіз де, олар өзіміздің туысымыз емес пе? Аштық пен жоқтықтан ағайынды жоғалтып алмай, аман-есен сақтап қалсақ деген бәріміздің ойлағанымыз, – деді.
Ахмет ата осы сөзден кейін сәл ойланып отырып:– Айналайын Омаржан, мені ел қамын ойлаудан қашық жүреді деп ойламайтыныңды білемін. Қанша айтқаныңмен ағаң да пенде, сенен ғана әділдік күтетін едім, дәл өзімдей қимыл-күш жұмсамаған Тыныштыбайдың еңбегін көпшілікке дәріптеді деген соң, інімнің мұнысы қалай дегендей ашу алып келіп едім. Көңіліңе ризамын, істің мәнін енді түсіндім, – деп қолына ұстаған кеседегі шайын сораптап ішіп тауысты. Сәлден соң әкем Ахмет атаның түріне қарап отырды да, оның сабасына түскенін байқап: –Аға, мені көптен мазалап жүрген ойым бар еді, соны ашайын, тыңдасаңыз, – деді де сөзін жалғап кетті. – Аға, мен сіздің үйге барып, бір жайт туралы ақылдасқым келіп жүр еді. Осы ойымды қазір айтсам ба деп отырмын. Бірақ, ол туралы сіздің қандай пікірде екеніңізді білмеймін. Десе де, мен сізге сенемін. Әрине, қайта-қайта көмек беріп еңкейген елді көтеру сізге де оңай емес. Оны мен де сезем, – деп сөзін әрі қарай жалғай бергенде, Ахмет ата:
–Омар көңіліңдегіні айта бер, – деді қолтығындағы құс жастықты жастана мамыражай мейірлі көңілмен.
Әкем:
– Аға, Шалбай баба әулиетінің жай-күйі туралы не айтасыз?
–Не айтайын. Бұл әулет тұтасына жетпестік өмір сүріп жүр ғой, Шалбай әулетінің жай-күйі бір мені мен сенің ғана емес, Жапбасбай, Құйрықбай әкелеріңді де ойландыруда. Айта беретін болсақ, бұл әулетті әріден білем...
Осы кезде әкем ағасының сөзін бөліп:
–Анам марқұм Шалбай әкеміздің сәуегей, көріпкел, тәубашыл екендігін айтып еді.
Інісінің сөзін мақұлдаған Ахмет:
–Иә, сенің анаң кетеден шыққан қос жүйрік Сүйінбай мен Сүйіндіктің туған қарындасы, жасынан жесір атанып, Баймахан атамды өсірген жан еді. Әжеміздің әңгімесі бойынша өзі сауатты, айтқыр ақын болған Шалбай бар өмірін кедейлікпен өткізген екен, – деп әңгімесін жалғастырды.
Бір күні Шалбай бабаның зайыбы:
–Отағасы, бүгін үйде ішіп-жейтін үнем жоқ, енді қайтеміз, – дейді.
Сонда төрде жайбарақат отырған Шалбай әйеліне күле қарап:
–Алла өзі жеткереді уайымдама, – депті.
Сөйтіп, кеш батып, жатар уақытта Шалбай әйеліне:
–Қара құманға су құйып, ошақ жанына қой. Содан кейін «Алла өзің жеткер» деп дұға айтарсың, – дейді де жатып қалады. Ертесіне ол ұйқыдан тұрысымен жарын оятып:
–Бәйбіше су құйып қойған құманға қарашы, – депті.
Күйеуінің сөзін тыңдап, ұйқыдан тұрған бәйбіше ошақ жанындағы құманға үңіліп қараса кешегі өзі су толтырып қойған қара құмандағы су қатық болып ұйып қалған екен. Қуанып кетіп, екеуі қатықты ішіп әлденген соң, Шалбай бәйбішесіне қарап:
– Қазаныңа су құйып, от жаға бер, – деп өзі жастыққа қайта қисая кетеді. Содан отын әкелуге сыртқа шыға берген анамыз табалдырық алдында жатқан қоянды көріп, қуанып кетіп, дереу оның терісін сыпырып, шалымен екеуі етін асып жеген екен.
Міне, әкем осы сөздерді Ахмет ағасына айта келе, әңгіме төркінінің мәнісін де келтірді:
– Аға, сол Шалбай әулеті осы күні сізден жәрдем күтіп отыр, – деді.
Сөз байыбына түсінген Ахмет ақсақал:
– Омаржан, тұр, екеуміз сол ауылға барайық, Шалбай атаның әулетіне мал, азық-түлік беріп қайтайық, – деп інісімен бірге ақын ауылына барып, қолынан келген көмегін көрсетіп қайтқан екен.
Міне, Шалбай ата әулетін аштықтан аман алып қалған осы Ахмет ата еді.
Бірде үйге қонақ болып отырған Үбісұлтан жырау дастархан басында Ахмет атаның елге сіңірген еңбегіне ризалық ретінде:
– Омаржан, мен мына Ахаңның халыққа жасаған еңбегіне қанықпын. Оның елге жасаған өнегелі ісі ұлы жол ғой. Қанша өміріміз қалды дейсің? Оны бір Алла білер, міне Ахаңның өнегелі ісін өскелең ұрпаққа айта жүрейік, – дейді.
Сонда әкем төрде отырған Ахметке қарап: –Аха, өзіңіз білесіз ғой, сіз бен біздің әкеміз, яғни сырбойылық кетелер арасында Жұбанбай, Алдамжар, Сұлтанбай деген би-болыс өмір сүрді, – дей бергенде төрде отырған Үбісұлтан оған қарап:.
– Омаржан, Ахаң оларды білмейді деп отырсың ба? – деді.
–Жоқ аға. Мен сол ел ағаларының халыққа жасаған еңбегіне етене араласып, туған халқына қол ұшын беріп жүрген Ахаңның ағаларына тіреу болып, ел әлеуетін көркейткен еңбегін айтайын деп отырмын, – деді.
Расында да, әкем «Бірлестік» колхозының төрағасы болған кезінде Жұбанбай, Сұлтанбай, Арманның Ахметі және Ахмет атам бас болып, «Генерал тамында» халықпен бірге қазған сол арықтың ізі осы күнге дейін бар. Сол ұлы істі бастарда дәулетті азаматтардан алым жинағанда кейбір ауыл тұрғындары арасында: – Аха бәріміздің әкеміз дәрменді байлар қатарындамыз, бірақ, алымды алдымен дәулеті тасыған байлар берсін деген ғой. Сонда атам:
– Ағаларым өз жолын біледі. Оларға жөн сілтеуім ретсіз, ал менің малым ағайынға жәрдемдесуге жетсе болды. Жетпеген жерде елмен барды да, жоқты да бірге көремін, – деген жауабы бала болсам да есімде қалыпты. Тіпті, «Артық малмен пейіште де орын жоқ. Ол жаққа ешкім мал-мүлкін арқалап кетпейді», – деп мен-менсіп көкірек ұрғандарды да тойтарып тастағанын көрдім. Әкем көзі тірісінде Ахмет Тұрғанбаевтың туған халқына жасаған қызметін ерекшелеп айтып отыратын.
Міне, ауылдастарына қамқор қолын созып, өмірден өткен Ахмет атаның ұрпақтары Зылиқа мен Абылайды және немересі Меңлібайды мен жақсы білемін. Меңлібай екеуміз қатар өстік. Еңбекке де ерте араласты. Аудандық «Қызыл ту», қазіргі «Қармақшы таңы» газетінде тілші болып қызмет атқарды. Жәрімбет сарғасқа Райым деген кісінің Күлдәрай есімді қызымен отау құрып, өсіп-өнді.

Пал БАЙМАХАНОВА,
еңбек ардагері, ақын.
еңбек ардагері, ақын.