» » » Сортөбе қалашығынан табылған қыш дастархан

Сортөбе қалашығынан табылған қыш дастархан

Сырдарияның төменгі ағысын тас дәуірінен бастап мекендеген түрлі тайпалар мен халықтар әлемде теңдесі жоқ мәдениеттер қалыптастырды. Осы мәдениеттердің куәсі – бұл күндері төбе боп үйіліп жатқан жүзден аса қала қирандылары мен жерлеу орындары, яғни археологиялық ескерткіштер. Бүгінде бұл кешенді жұмыс егемендік алғаннан кейін ғана «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында іске асып жатыр. Соның бірі – ауданымыздағы өңірлік қасиетті тізіміне енген ортағасырлық Сортөбе қаласы (VІІ-ІХ ғғ.).
Сортөбе қаласы Жосалы стансасынан солтүстік-батысқа қарай 10 шақырым жерде орналасқан.
Сортөбенің керамикалық кешені өте бай, онда VII-VIII ғасырлардағы бүйірі иінді, қабырғасы бүйірінен ернеуіне қарай сыртқа иілген тостағандар (қызыл ангоб) Жетіасар ІІІ кезеңімен мерзімделетін жәдігерлер арасынан және Отырар қаласынан табылған заттар арасынан ұшырасады. Сонымен қатар, Жанкент қазбаларынан табылып жүрген IX-X ғасырлар мен мерзімделетін үстінде ойып салынған сызықты өрнектері бар қақпақ атар, ернеудің сыртындағы жапсырмаға қатты затпен батырып салынған өрнегі бар ыдыстар және әртүрлі мақсатта пайдаланылған «қошқар» бейнесіндегі культік бұйымдар көп кездеседі.
Солардың ішіндегі ерекше жәдігер – «Қармақшы ауданындағы Сортөбе қалашығына археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу» жобасы аясында 2018-2019 жылдары ортағасырлық Сортөбе қалашығында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған қыш дастарқан.
Бұйым дөңгелек пішінді, орташа көлемді. Артқы бөлігінің орта жағында цилиндр тәрізді тұғыры көрсетілген және геометриялық ою-өрнектермен безендірілген, көп кездесе бермейтін археологиялық олжа қатарына жатады. Материалының түсі қызғыш оғыз стилінде жасалған. Көлемі үлкен, диаметрі – 62 см, биіктігі – 12,5 см, тұғыры – 9 см.
Оғыз заманынан бастау алған дөңгелек үстелдер қазақ қоғамында бүгінгі күнге дейін пайдаланылуда. Оған дәлел әрбір қазақ шаңырағында кездесетін жоза (жозы) үстелдер.
Музей залындағы оғыз тайпасы өкілдері ас ішкен қыш дастарқан бүтіндей сақталып, аудан жұртшылығының көз қуанышына айналып, ғылыми-зерттеулерге негіз болуда.
Ғалия ӘСКЕРБЕКҚЫЗЫ,
аудандық тарихи-өлкетану музейі филиалының
қор сақтаушысы
15 маусым 2022 ж. 629 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031