» » Сыры көп Сортөбе

Сыры көп Сортөбе

Киелі Қармақшы тарихқа өте бай. Соның бірі – Сортөбе қалашығы. Жосалы кентінен оңтүстік-батысқа қарай 12 шақырым жерде орналасқан қалашықта зерттеу жұмысы жүргізілуде. Қала шамамен 9-11 ғасырға тиесілі. Қазіргі таңда орта ғасырлық қала апаттық жағдайда, оның үштен бір бөлігін Сырдария өзені шайып кеткен. Зерттеу жүргізушілер тарихи жерді сақтап қалудың алды. Археологиялық жұмысқа Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жанындағы «Археология және этнография» ғылыми зерттеу орталығының маманы, тарих ғылымдарының кандидаты Әзілхан Тәжекеев жетекшілік етеді. Сондай-ақ қазба жұмыстарын жүргізуге Ресейдегі Шығыс музейінің ғылыми қызметкері Сергей Болелов пен Ұлттық музей маманы Рүстем Дәрменов атсалысуда. Жасақ құрамында облыстық және аудандық мұражай қызметкерлері мен тарих ғылымының магистрант, докторанттары да бар.
Үш жыл бойы атқарылған жұмыс нәтижесінде қаланың бірінші құрылыс орны ашылып, жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігіне қажетті құрал-жабдықтар мен үй жануарлары сүйектері табылды. Қазіргі таңда табылған жәдігерлер мұражай қорында экспонат ретінде сақтаулы тұр. Одан бөлек үйлердің жобасы мен бөлмелердің ішіндегі ошақ пен жатын орындары анықталған. Апаттық жағдайдағы ескерткішті сақтап қалу мақсатында былтыр жылы консервация жүргізіліп, судан қорғап қалуға мүмкіндік берілген.
Тарихи мекеннен табылған құнды жәдігерлердің бірнеше түрі аудандық тарихи-өлкетану музейінде. Аудан аумағынан табылған жәдігерлерді сақтау және насихаттау мақсатында аудандық музейге құмыра, ыдыстар тапсырылған. Саз балшықтан тұратын құмыраларды күйдіру әдісі арқылы жасаған. Негізінен астық пен азық-түлік сақтау мақсатында пайдаланылған ыдыстардың ішінде сол кездегі ою-өрнекпен әшекейленгені көптеп кездеседі.
Зерттеу нәтижесінде Оғыз тайпасының астанасы – Жанкент қаласы орда ретінде саналса, Сортөбе қалашығына ордазы деген болжам жасалған. Тіл мамандарының айтуы бойынша «орда» – үлкен, «ордазы» – кіші деген мағынаны білдіреді.
Сортөбе қалашығын зерттеу жұмысы әлі де жалғасын таппақ.

Аслан НҰРАЗҒАЛИ
28 қазан 2019 ж. 1 659 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 024

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031