Жыр алыбы



Ақын рухы
асқақ әрі азат тым,
Аты өшпес
жыр қалдырса ғажап кiм.
Маңдайына
біткен өнер бұл айтыс,
Бір туысқан
Қырғыз бенен Қазақтың.
Ақын жырын
тыңдар халық бip деммен,
Солар шешкен,
көп icтердi күрмелген.
Түре, сүре,
қайым сынды айтыстың,
Жанры бар
ару қыздай түрленген.
Бұл өнерден
түрлі бағыт, қалды үлгі,
Толқындардың
легi өткен алдыңғы.
Тарих бетiн
ақтарсақ бiз парақтап,
Түсiн түстеп
көрсетеді Жамбылды.
Сүйінбай мен
жырау сынды Қашаған,
Көп аударған
ел мұңына аса мән.
Екі ғасыр
куә болып көшiне,
Бір ғасырға
жуық ғұмыр жасаған.
Сусындатып
жырмен жалпы халықты,
Ел күйзелсе,
көппен бірге қамықты.
Ұшқыр ойлы,
кестелi сөз шебері,
Екендігін
додаларда танытты.
Ас берiлiп,
ел-жұрт жатса жиылып,
Аламанға
түсті белдi түйiнiп.
Аронұлы
Сүйінбайдай даңғылды,
Сөз бастаса
пipi тұтқан сиынып.
Талай дүлдүл
табылды көп қапталдан,
Сүбелі сөз
көмейiнен ақтарған.
Ақындармен
Мұраталы, Құлмамбет,
Айтыстары ел жадында сақталған.
Соғыс деген
жеткен сәтте қаралы үн,
Өршiл жыры
шарлап майдан алабын.
Ленинградтық
халықпенен сап түзеп,
Құдipеттi қолға алды қаламын.
Ақ сақалы –
аппақ қардай шыңдағы,
Қарт Жамбылдың
үнiн халқы тыңдады.
Қаламсабы
көкке сонда ұмсынып,
Жарқ еткен-дi,
семсердейiн қындағы.
Қала iшi
толы зарға нелер үн,
Тосты халық
бейбіт күннің, келерiн.
Дүр сілкінтіп
дәтке қуат, сыйлады,
Ақын жыры
"Ленинградтық өренiм!".
Ел қорғауды
санамайды борыш кiм?
Нелер боздақ
отын кешті соғыстың.
Жамбыл жыры
халық рухын көтеріп,
Тұрды iлулi
қаласында орыстың.
Ажал оғы
кәрі-жас деп талғамай,
Жазмыш солай
әр пендеде әрқалай.
Қан майданда
шейiт болды Жамбылдың,
Қос перзенті
Iзтiлеу мен Алғадай.
Халқымыздың
абызы ол, қарты ұлық,
Ел дегенде
қалмас тiзгiн тартынып.
Жырлап өтті
мұң-мұқтажын халықтың,
Өз қайғысы
тұрсын бастан артылып.
Ескерiп ел
еңбегін де еледi,
"Ғұмырнама"
оған дәлел дерегі.
Ақиқатты
жырлаған соң Жамбылдың,
Мұрасы да
өмipшең боп келеді.

Руслан СӘУЛЕБЕКҰЛЫ

09 қараша 2021 ж. 586 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 048

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031