» » » Мұхтар Ниязов қандай атақ алды?

Мұхтар Ниязов қандай атақ алды?

 Қазақтың айтыс өнеріне қарымды олжа салып, халықтың ықыласына бөленіп жүрген жерлесіміз, екі дүркін «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязов жуырда Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында өткен «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты республикалық ақындар айтысында І орынды иеленіп, «Айтыстың ақтаңгері» атанды, – деп хабарлайды  syrboyi.kz. Ақынның айтулы жеңісі Сыр жұртшылығын да бір серпілтіп тастады.
Ол – бүгінде Сыр бойын­дағы ұлттық өнеріміз айтыс­ты, суырып-салма ақындық дәстүрді жалғастыру, айтыс­қа жастарды көптеп баулу мақсатында құрылған «Ақ сөйле!» атты ақындар бірлестігінің басшысы. 2011 жылы облыстық «Тілім – тірегім, Астанам – жүрегім» атты ақындар айтысының І орын иегері атанды. 2012 жылы Қазалы ауданын­да өткен Ғ.Мұ­рат­­баевтың 110 жыл­­­дығына орай «Жа­­лындап өт­кен жас ғұмыр» атты рес­пуб­ликалық ақын­дар айтысынан бас бәйгені жеңіп алса, сол жылы «Алтын домбыра» иегері  атанды. Ал 2015 жы­лы Қызылорда қа­ласында өткен Қазақ хандығының 550 жыл­дығына орай ұйым­­дастырылған рес­­­пуб­лика­лық айтыс­тың бас жүлде иегері атанған болатын. Ал 2016 жылы ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Алматы қаласында өткен «Алтын домбыра» аламан-айтысында бас жүлде иеленіп, алтын домбыраны екінші мәрте жеңіп алды.
Қазіргі айтыс өнерінің көш ба­сында келе жатқан Мұхтар ақын­ның әлі де алар асуы биік еке­ніне күмән жоқ. Жүлде құтты болсын!
22 желтоқсан 2019 ж. 2 124 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10447)

18 қазан 2025 ж.

№78 (10446)

14 қазан 2025 ж.

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 662
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 426

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031