» » «Ақындық атамнан дарыған қасиет»

«Ақындық атамнан дарыған қасиет»

Қазақ елі қашанда күміс көмей әншісімен, мың бұралған бишісімен, жыр дестелеген жыршысымен мақтана алады. Бүгінде өз тәуелсіздігін алған жас мемлекетте өнердің барлық түрі дамып келеді. Ата-бабадан дәстүр болып қалған айтыс өнері де әлі ұмыт қалмады. Айтыс – қазақтың төл өнері. Ал ақын болу – Алладан. Қазір айтыс аламанында көсемсөзден алдына жан салмайтын суырып салма ақындар бұл өнерді жалғастырып қана қоймай, жандандырып жүр. Солардың бірі – Еркебұлан Серіков.
Бала ақын – 16 жаста. №121 мектепте 11 сынып оқиды. Кішкентайынан ақындыққа құмартқан Еркебұлан өзгелерден ерекше өсті. Басқа балалар секілді ойыншықпен де ойнамаған. Бала күнінен айтыс өнеріне қызыққан. Кішкентайында қолына ағаш алып, домбыра ұқсатып шерткен екен. Оның ойыны да, ойыншығы да осы болыпты.
– Құнанбайдың: «Менен мықты болу үшін алдымен Абайдай бала тапқыз» деп Абайға айтқан сөзі бар. Атағым халыққа кең жайылып, шарықтап тұр демеймін. Маған керегі атақ емес. Бастысы – өнерімді дүйім жұртқа паш ету. Ертеректегі ақындар секілді халықтың мұң-мұқтажын өлеңмен жеткізу. Қазақта «Құлды бәрекелді өлтіреді» деген мақал бар ғой. «Әй, бәрекелді!» деген сөз де адамды асқақтатады екен. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің «Кімнің жүрегінде шаңның тозаңындай тәкаппарлық болса, ол жәннаттың иісін де сезбейді» деген хадисі бар. Барынша осы хадиске амал келтіруге тырысамын, – дейді жас ақын.
Бала күнінен зерек өскен Еркебұлан арнау шығарады, айтысқа қатысады. Бойында ақындық, шешендік дарыған жас ақын кішігірім айтыстарға қатысып, кейін үлкен сахналарды бағындырды. Мәселен, бала ақын Запа Дәулетбаевтың арнайы сыйлығын иеленген. «Ақынның қаламы – адалдық алаңы» атты аудандық байқауда І орын алса, облыстық «Ақберен» айтысында ІІ орын алған. Сондай-ақ облыстық онлайн іріктеуде 62 адамның арасынан оза шауып, үздіктер қатарына енген. Осы секілді ол қатысқан түрлі байқаудың бірінен де жүлдесіз қайтпаған.
– «Шабытты неден аласың?» деген сауал жиі қойылады. Шабытты алу мүмкін емес. Ол өзі келеді. Уақыт таңдамайды. Күн-түн демейді. Кейде ас ішіп отырып ойға әдемі сөздер оралады. Соны қағаз бетіне түсірмейінше жаным жай таппайды. Бұл – ақындық өнерімнің бір бөлшегі. Ал айтыс алаңына шыққанымда бойыма еріксіз бір күш келеді. Домбыраның ырғағымен төгіле шыққан сөздер бірінен соң бірі жалғаса береді, ұйқаса береді. Бұл – анамның сүтімен бойыма дарыған ерекше қасиет, – дейді Еркебұлан Серіков.
Қазақ қашанда ақиық ақынын құрметтеп, көрген жерінде өз үйіне қонақ етіп, ат мінгізіп, шапан жапқан. Ақын елдің мұңы мен зарын жырлаған. Бүгінде жұрт айтыс ақындарын зор ықыласпен тыңдап, құрметтейді. Ал шымыр ұйқасты, ойлы тіркесті жас ақын әлі талай асуларды бағындырып, дүйім жұрттың ықыласына бөленетініне сенім мол.
Айнұр ӘЛИ
20 желтоқсан 2019 ж. 1 711 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031