» » Биыл Қазақстанда 80-ге жуық ақындар айтысы өтпек

Биыл Қазақстанда 80-ге жуық ақындар айтысы өтпек

Олардың үшеуі – халықаралық, жиырма бірі – республикалық деңгейде.
2020 жылғы маусым Абайдың 175 жылдығына арналған "Адамзаттың алыбы – хакім Абай" атты республикалық ақындар айтысымен ашылады.
Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының төрағасы Жүрсін Ерман айтыстың жаңа ережесі бекітілгенін айтты.
"Оған сәйкес, ақындар халық алдында жұпталады. Бұл олардың алдын ала дайындалған жаттанды мәтіндерді қолданбай, айтыстың суырып салма қасиетін жаңғыртуына мүмкіндік береді деген үміттеміз", – деді Жүрсін Ерман.
Nur Otan партиясы саяси жұмыс департаментінің директоры Ерлан Қарабалаев биыл Абайдың 175 жылдығына арналған 21 айтыс өтетінін хабарлады.
"Оның ішінде халықаралық деңгейдегі "Адамзаттың алыбы" айтысы тамыз айында Семей қаласында өтеді", – деді Қарабалаев.
Одан бөлек, биыл әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай 3, Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай 5 айтыс өткізу жоспарланған. Айтыс маусымы жыл аяғында Қазақстанның тәуелсіздік мерекесіне орай ұйымдастырылатын "Алтын домбыра" айтысымен қорытындыланады.
08 ақпан 2020 ж. 1 336 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 876
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 536

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930