» » РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ

Астана қаласының 20 жылдығы мен Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай Сыр өңірінде республикалық айтыс өтті. Қазақстанның 9 қаласынан ақындар келіп, «Астана-биік төрім, Қызылорда-туған жерім!» тақырыбын арқау етіп, додаға түсті.
Айтыстың беташарында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев барша жұртты қос шаһардың мерекесімен құттықтап, сөз сөйледі. Алаштың анасы атанған Сыр тарихына ой жіберген аймақ басшысы қазақ халқының бетбұрысты кезеңдеріндегі Қызылорданың алар орны ерекше екеніне тоқталды. Астанаға қарап бой түзеген туған қаламыздың сол жағалаудан бой көтеріп келе жатқан сыңары жаңа шаһарға айналып, биылғы күзде алғашқы шағын ауданының тұсауы кесілетінін тілге тиек етті. Сондай-ақ, облыс басшысы қазақтың жауһары, тәуелсіздігіміздің тұғыры болған Астананың мән-мағынасын маржандай тізілген сөздермен ашып жеткізді.
«Еділден айырылған қазақ Есілден де айырылардай болып тұрған елең-алаң кезеңде Елбасының батылдығымен, кемеңгер шешімімен Еуразия төрінде, Сарыарқа төсінде заманауи Астана бой көтерді.
Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру қазақтың өз билігі өз қолына тиген соң ұлттың болмыс-бітімін сақтап, болашағын баянды ету мақсатында «он ойланып, тоғыз толғанып» барып қабылданған тарихи шешім болды. Мыңжылдықтар тоғысындағы мұндай батыл қадамның дұрыстығын қазір қай қырынан алып қарасақ та уақыт дәлелдеді. Құла даладан құбылаға бет түзеген, сәні мен салтанаты жарасқан, сәулеті талайларды тамсандырған Елордамыз Тәуелсіздігіміздің тұғырына, экономикамыздың тірегіне, әлем елдері бас қосатын достық мекеніне айналды». Ата-бабаның аттың жалында, түйенің қомында жүріп қорғаған кең-байтақ жерімізді сақтап қалудағы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерлігін қазақ қоғамы енді ғана түсіне бастағандай», – деді аймақ басшысы.
Шараға арнайы Маңғыстаудан келген ақын Мэлс Қосымбаев Сыр еліне арнауын айтты.
Байқауға Астана, Алматы, Ақтөбе, Тараз, Атырау, Қарағанды, Семей, Павлодар және Қызылорда облысының атақты айтыс шеберлері қатысты.
Бас жүлдені қызылордалық ақын Мейірбек Сұлтанхан жеңіп алды. Бірінші орын қарағандылық Мақсат Ақановқа бұйырса, алматылық Рүстем Қайыртай екінші орын иеленді. Сондай-ақ, семейлік Әсем Ережеқызы, павлодарлық Қайрат Нұрқанат және жерлесіміз Мұхтар Ниязов үшінші орын алды. Қалған қатысушылар ынталандыру сыйлықтармен марапатталды.
Айтысқа Жүрсін Ерман, Нұртөре Жүсіп, Ғалым Жайлыбай, Мэлс Қосымбаев, Серік Ыдырысов, Оңталап Нұрмаханов сынды қазақ руханиятының байрағын биік ұстаған ақын-жазушылар қазылық жасады.


22 ақпан 2018 ж. 2 389 1

JeaCold от 18 ақпан 2019 07:08
Northwestern Canada Drugs Efecto De Kamagra En Jovenes Buy Cheap Ciplox 500 Mg priligy 2013 Purchasing Trazodone Free Ed Pills Sample No Pre Cialis Nuevo

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031