» » » Аналар – асыл жандар, ардақтылар

Аналар – асыл жандар, ардақтылар



Елбасының "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаласы аясында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған 8 наурыз - Халықаралық әйел-аналар мерекесіне орай "Аналар - асыл жандар, ардақтылар" атты аудандық жас ақындар айтысы болып өтті.

Айтыста карантиндік талаптар қатаң сақталып, көрерменсіз өткізілді. Аудандық жас ақындар айтысына кент орталығы мен елді-мекендерден барлығы 8 ақын қатыстырылып, сөз маржанымен айтыстың сан қырлы бояуын қанықтырып, ұлтымыздың бай тілінің сөз кестесін төгілдіре айтып, үздік өнер көрсетті.

Арнайы дайындалған әділқазылар алқасының шешімімен Қайыржанұлы Санжар (№107 мектеп), Ескергенов Даниял (№275 мектеп), Хамитова Айым №(26 мектеп) және осы айтыстың ең жас ақыны Мейрамбекұлы Нуриддиндер (№121 мектеп) алғыс хатпен марапатталса, айтыстың 3 орыны Орынбасаров Ердаулетке (№250 мектеп-лицей) бұйырды. Ал 2 орынды Жаулыбаева Қаламқас (№183 мектеп), 1 орынды Карабдинов Қайсар (№250 мектеп-лицей) иеленді. Айтыстың бас жүлдесін тұрмағамбеттік ақын Смайылұлы Бекқанат (№29 мектеп) "Тұрмағамбет" ақын үйірмесінің шәкірті қанжығасына байлады.

Қасиетті Қармақшы өлкесіндегі сөз додасы - қазақ мәдениетінің рухани жаңғыру негізінде қазақтың қанына біткен киелі сөздің үздік үлгісін танытқан жас ақындар арқылы елдің есінде, тарихи дастан болып жазылары хақ. Ұрпақтар сабақтастығымен жүйелі дамыған сәтімен болашаққа сара жол тауып, тыңдарманның көңілін жауһар жырларымен сусындата берсін деп, жас ақындарымызға сәттілік тілейміз!



03 наурыз 2021 ж. 734 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930