» » «Жыр дүлдүлі- Дүр Оңғар»

«Жыр дүлдүлі- Дүр Оңғар»

Дүр Оңғар ауылдық модельдік кітапханасының кітапханашысы Р.Маханбетова аудандық кітапхананың «COWORKING» орталықталығынада «Рухани жаңғыру» тұғырнамасы мен «Ұлы даланы жеті қыры » атты мақаласына және Сыр сүлейі Дүр Оңғар Дырқайұлының -160 жылдығына орай «Жыр дүлдүлі- Дүр Оңғар» атты жыр керуенінін өткізді. Оңғар жыраудың мұрасы - өз заманының, уақытының ақиқат шындығын айта алуымен бірге, шыншылдықтың ғана емес, сыншылдықтың да биік өресінен көрінген құнды дүниелер. Жыраулық өнер – біздің ұлттық мәдениетіміздің алтын діңгегі. Сыр бойы ақын – жыраулардың ішінде тірісінде «Дүр» атанған Оңғар өзге ақын – жырау сияқты толғау терме, тақпақ айтыс, жұмбақ айтыс, көңіл қос айту, той бастау жырларын молынан шығарған. Ә.Сүлейменов жетекшілік ететін аудандық Т.Салқынбайұлы атындағы әуез және №107 орта мектептерінің шәкіртері жырдан шашу шашты. Артында сұлу сөзбен өлместей мұра қалдырған атақты тұлғаларды қалай құрметтесек те артықтық етпейді. Қалай болғанда да Дүр Оңғар сынды қазақтың қасиетті сөз өнерінің мәңгіліктігін өзінің шығармалары өрнектеп өткен дүлдүлдеріміздің өмір жолы мен шығармаларын келер ұрпаққа ұлағат етіп қалдыру кітапханашылардың басты парызы болып қала бермек.
23 мамыр 2019 ж. 2 504 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (10336)

07 қыркүйек 2024 ж.

№70 (10335)

03 қыркүйек 2024 ж.

№69 (10334)

30 тамыз 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 1 367

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30