» » Атадан қалған асыл сөз

Атадан қалған асыл сөз


Аудандық орталық кітапхананың «COWORKING» орталықталығынада Тұрмағамбет ауылдық модельдік кітапханасының ұйымдастырумен Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына орай «Ұлы дала музыкасының сырлы мақамдары» атты жыр-толғау кеші болып өтті. Сан ғасырдан жеткен жыр-терме ұлттық мүдде, ұлттық кодтың нағыз өзі Жыр –толғау кешінің тізгіні кітапханашы Құндызай Далдабаевада болды.
Тұрмағамбет аулы – рухани әлемімізге жүзден астам жырау қосқан, шежіреге бай жер. Шайырлардың мұрасын насихаттау мақсатында өткен жыр- толғау кеші сүлейлерің жыр-мұрасын халық арасында қайта жаңғырту, рухани жаңғыруымыздың бірден-бір кілті болып табылады. Жыр- толғау кешін орталық кітапхананың директоры К.Қаниева ашты. Белгілі жыраулар Бидас Рүстембеков Сыр сүлейлері сақтап,бүгінгі ұрпаққа жеткізген мақам-саздардың тарихы жайлы айтып берді. Жыр кешіне жыршылар Қ.Бисенбаев, А.Азаматов жас буын жыршылар Г.Оңалбайқызы, Елбасының қолынан үкілі домбыра алған А. Оңғарқызы қатысты.Тағылымы мол кешті аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Н.Наурызбаева қортындылады. Жыр-толғау кешіне жиналған өнер сүйер қауым домбыраның күмбіріне елтіп, халық жадында сақтаған жыраулар мұрасымен сусындады.
15 ақпан 2019 ж. 1 453 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 407
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728