» » » Ұшқан құс та ұясын ұмытпайды

Ұшқан құс та ұясын ұмытпайды

Жүгірген аң, ұшқан құсқа дейін өзінің ұясын ұмытпайды. Оның сыртында біз адамзат қауымының ұрпағы болғандықтан туған жерге үнемі бір бүйрегіміз тартып тұратыны даусыз.

Сыр елі – қасиет қонған, құт дарыған киелі өлке. Оның экономикалық әлеуетін, бүкіл байлығын халықтың ортақ қуанышына пайдалануда, аймақтың даму қарқынын жоғарылатуда ел ағаларының қосып жүрген үлесі қомақты. Өзіміз де сыртта жүргенмен ел жаққа елеңдеп, жақсылығына қуанып, «бәрекелді» десіп отырмыз. Туған жердің қамы үшін қолдан келгенше көмектесу – қай-қайсымыздың да азаматтық парызымыз.

Жыраулық өнердің түп қазығы, алтын көмбесі, алып тайқазаны саналатын Сыр елінде талай марғасқа жырау, тума талант дүниеге келген. Бізге сол кісілердің ізін жалғаушы ретінде осынау өнерді өлтірмей, ұрпаққа аманаттау міндеті жүктелген. Сыр елінің фольклорлық, музыкалық, оның ішінде жыршылық, жыраулық өнерін жаңғыртуға тиіспіз. Бұл жолдағы азаматтар – жәй ғана орындаушы емес, бір жағынан рухани ағартушы да. Қазіргі күні музыка мектептері мен колледждерінде балалар бабадан қалған асыл мұраны меңгеріп жүр. Жоғары оқу орнындарында арнайы магистратура да ашылды. Биыл онда талантты қыздарымыз Күнсұлу Түрікпенова «Көрғұлы» дастанының тарихи және мақамсаз ерекшеліктері», Ақерке Дабылова «Едіге» жыры бойынша «Едіге» жырының тарихи және мақамсаз ерекшеліктері» тақырыптарында магистрлікті қорғады. Жуырда ғана ақын, жыршы қарындасымыз Ұлжан Байбосыноваға Франция Мәдениет министрлігінің «Өнер және әдебиет кавалері» ордені тапсырылды.

Ендеше, Сыр өңірінің өнерін аймаққа ғана емес, адамзат өркениетіне ортақ құндылық ретінде қарастыруға болады. Болашақта бұл жерде халықаралық дәрежедегі өнер орталықтары, оқу орындары ашылады деп сенемін. Бұл бағытта біз де аянып қалмаймыз.

Алмас АЛМАТОВ,

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, жырау

17 мамыр 2021 ж. 1 073 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 398
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 200

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930