» » » Жыраулық өнердің жанашыры

Жыраулық өнердің жанашыры

Қазақ – жаратылысынан өнерге жақын халық. Талай сал-сері, күміс көмей әнші, жыр жампоздарының бүгінгі ұрпағы да ұлттық өнерден кенде емес. Олар бүгінде дәстүрлі өнерді дәріптеп, халық арасында насихаттап та жүр. Солардың бірі – ұлттық өнерді ұлықтаушы Ғазиза Шаймаханова.
Ол шайырлардың мекені Тұр­мағамбет ауылының тумасы. Туған өлкедегі №29 мектепте білім алған. Өнерге деген құлшынысын аңғарған жыршы Зәуре Кәрібаева жас талантты жыраулық өнерге баулып, бағыт-бағдар берген. Мектепте оқып жүрген кезінде-ақ түрлі деңгейдегі байқауда бақ сынаған. Қара шаңырақтан түлеп ұшқан соң, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясында білімін жалғап, одан әрі Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының магистрі атанады. Өнерді өміріне серік еткен арудың еңбек жолы өзі білім алған консерваторияда ұстаздық етуден басталады. Одан кейін Ш.Қалдаяқов атындағы филармонияда жеке орындаушы болса, 2019 жылдан бері М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде аға оқытушы.
– Дәстүрлі өнер – өткен дәуірдегі ата-бабамыздың үні, сыры мен мұңы, тарихы. Көзімізді ашып, ес білгелі бері жырмен сусындап келеміз. Өнермен біте қайнасқан өңірде өскен соң, біз үшін жырдың орны бөлек. Жыр өнеріндегі алғашқы ұстазым Зәуре Кәрібаева болса, одан соң Бидас Рүстембеков, Ұлжан Байбосынова, Алмас Алматов, Айгүл Қосанова секілді өнер саңлақтарынан тәлім алдым. Әрбір жеңісімнің астарында ұлттық өнерге деген махаббат пен туған мекеннің тектілігі, ұстаздардың өлшеусіз еңбегі жатыр, – дейді Ғазиза Бағланқызы.
Жас та болса өнерімен елді таңқалдырған жерлесіміз Рим, Париж қалаларында, Иордания, Түркия, Өзбекстан, Германия, Корея, Индия елдеріндегі ұлтаралық концерттерде ел абыройын асқақтатып, жыраулық өнердің өресі биік екенін көрсетуде. Облыстық, республикалық конкурс­тардан бірнеше мәрте жүлделі орындарды иеленген ол «Алтыбақан», «8 қырлы» тележобаларына қатысқан.
Ғазиза Бағланқызы бүгінде бір әулеттің отанасы. Үлгілі келін, аяулы жар, қызғалдақтай қыздың анасы.
– Қыз баласы болғандықтан маған дәм-тұздың Шымкент қаласынан бүйырған жайы бар. Туған жерден жырақта жүргеніммен оның әрбір жақсылығына қуанып, оң өзгерістеріне сүйсініп отырамын. Биылғы оқу жылынан бастап М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «дәстүрлі музыкалық өнер» мамандығын ашуым қазіргі ең үлкен жетістігім әрі ұлттық өнердің ұмыт қалмауына қосқан перзенттік парызым деп білемін, – дейді Ғазиза Шаймаханова.

Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ

30 наурыз 2021 ж. 1 086 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 051

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031