» » » Тұғырда таңдаулы туындылар

Тұғырда таңдаулы туындылар


«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы оқырмандар арасында өз орнын тауып келеді. Аталмыш жоба қазақ әдебиетінің қазыналы туындыларын насихаттау, оқу мәдениетін қолдау және дамыту, жастарды рухани және патриоттық тәрбиеге баулуға бағытталады. Акция 2007 жылдан бері ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен Қазақстан Республикасының кітапханалық қауымдастығы бастамасымен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өткізіліп келеді.
Биыл ел егемендігіне – 30 жыл. Осы орайда аудандық орта­лықтандырылған кітапханалар жүйесі «Бір ел – бір кітап» республикалық акция аясында «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» атауымен танымал қазақстандық авторлардың 30 үздік шығармасы жалпыхалықтық оқу­ға ұсынып отыр. Мақсаты – кітап оқуды насихаттау, қоғамда оқуға деген қызығушылықты арттыру, өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуына ықпал ету.
Таңдамалы 30 кітап 5 түрлі жанр бойынша жинақталған. Поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті және аударма саласындағы тың туындалар топтастырылған. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақ­стан» газетінде жарияланған ма­қаласында балалар әдебиетіне баса на­зар аударуды тапсырған еді. Ал ак­ция аясында таңдалып алынған 6 кітап бала­лар әдебиетінің жақұты іспеттес.
Поэзия жанры бойынша Мұқағали Мақатаев «Өмірдастан», Жұмекен Нәжімеденов «Менің Қазақстаным», Ұлық­бек Есдәулет «Киіз кітап», Серік Ақсұңқарұлы «Көкейімде Күлтегіннің жазуы», Тоқтарәлі Таңжарық «Түн парақтары», Бақытжан Канапьянов «Достояние души» шығармалары бол­са, ал прозалық шығармалардан Тын­ымбай Нұрмағамбетов «Періш­телердің өлімі», Тобық Жарма­ғамбетов «Отамалы», Сәуле Досжан «Қасірет пен тағдыр», Юрий Серебрянский «Дәмді де пайдалы қазақстандық әде­биет», Даурен Куат «Бөрісоқпақ», Тұрысбек Сәукетай «Желқайық» таңдалып алынған. Ал драматургиядан Рахымжан Отарбаев «Айна ғұмыр», Дулат Исабеков «Жеті желкен», Мадина Омарова «Көмбе нанның дәмі», Иран-Ғайып «Қорқыттың көрі», Думан Рамазан «Пешене», Сая Қасымбек «Жанталас» кітаптары бар. Балалар әдебиетінен Ыбырай Алтынсарин «Өнер-білім бар жұрттар», Бердібек Соқпақбаев «Жекпе-жек», Марат Қабанбаев «Жиһангез Тити», Толымбек Абдырайым «Алабұға аулаған күн», Зира Наурызбаева, Лиля Калаус «Алтын тостағанды іздеу», Мәди Айымбетов «Бар болғаны он төрт жас».
Аталған кітап көрмесі аясында аудармалар да шет қалмаған. Бұл оқырмандар арасында ерекше сұранысқа ие жанр ретінде көрініп келеді. Сол себепті де Кеңес Юсупов, Габриель Гарсиа Маркес «Жүз жылдық жалғыздық», Бекболат Әдетов, Эрих Мария Ремарк «Аманат өмір», Әділ Ахметов, Агата Кристи «Ғайып болған миллион», Төлеген Меллат, Халид Хусейн «Жарқыраған мың күн», Динара Мазен, Ж.К.Роулинг «Харри Поттер мен жасырын бөлме», Амангелді Құрметұлы, Орхан Памук «Менің атым – Қырмызы» туындылары қалың оқырманға жол тартып отыр.
Жыл сайын «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында еліміздің барлық кітапханаларында көптеген іс-шаралар мен кітап көрмесі ұйымдастырылып, акция мен таңдаулы авторлар, олардың кітаптары туралы ақпарат беріледі, сондай-ақ Қазақстанның көрнекті жазушыларының шығармалары оқырман назарына ұсынылады.
– 30 кітаптың барлығы да «мені оқышы» деп сұранып тұрған кітаптар. Мысалы балалар әдебиеті бойынша Ы.Алтынсариннің «Өнер-білім бар жұрттар» кітабының өзектілігі – жас­тарды білімге баулиды. Ақын мол байлықтың білім екенін айта келіп, білімге қолы жету үшін, ерінбей оқып, қажымай еңбек ету керегін түсіндіреді. Ал проза жанры бойынша Т.Жармағамбетовтың «Отамалысы» қазақ даласындағы табиғаттағы құбылыс туралы бес күн соққан боранды, бес қонақ немесе отамалы деп айтатынын әсерлі жеткізеді. Акция аясында ел болып оқитын кітаптар үлкенді сыйлау, сөз тыңдау, ата дәстүрін құрметтеу сияқты дәстүрлерге мән беруге, рух, жан тазалығын, шынайы қасиеттерді сүйіп, толғанулармен оқырман жүрегінде орын табады деген сенімдеміз, – дейді аудандық кітапханалар жүйесінің директоры Гүлшара Қаниева.

Түйін.
Қазір кітап оқуға деген қызығушылық қоғамда бар. Әйтсе де көп емес. Әрине, сылтау іздеген адамға түрлісі табылады. Ал шын ықылас болса бір жылда 30 кітап деген түк емес секілді. Ерінбейік, шығармашылықтың ішкі байлығын бір парақтап шықсақ артық бола қоймас, сірә?!

Ақнұр САҒЫНТАЙ
24 сәуір 2021 ж. 1 187 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 376
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 151

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930