» » » 30 жылдыққа – 30 кітап

30 жылдыққа – 30 кітап

Жақында осы жылдың жыл кітаптарын таңдау бойынша «Бір ел – бір кітап» акциясы комиссиясының кезекті отырысы өтті. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы ұсынылған болатын. 30 кітаптың ішінде поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті және аударма бойынша кітаптар бар. Акция аясында ел болып оқитын кітаптар үлкенді сыйлау, сөз тыңдау, ата дәстүрін құрметтеу, рух, жан тазалығы мен шынайы қасиеттерді сүюге тәрбиелейді.
Байқаудың мақсаты – оқырмандардың көркем әдебиетке қызығушылығын, кітап пен кітап оқудың имиджін арттыру, жастарды кітап оқуға тәрбиелеу, оқырман талғамы мен қызығушылығын қалыптастыру және дамытуға ықпал ету, үздік оқырманды анықтап, ынталандыру болатын.
Байқау нәтижесі бойынша бас жүлдені Көмекбаев ауылдық кітапханасының оқырманы Аружан Әбдіғаппарова, І орынды Ақтөбе ауылдық кітапханасының оқырманы Ләззат Қонысбекқызы мен Ақай ауылдық кітапханасының оқырманы Ілияс Абнабиұлы, ІІ орынды ІІІ Интернационал ауылдық кітапханасының оқырманы Айгерім Асқар мен Қармақшы ауылдық кітапханасының оқырманы Толғанай Бекболатқызы, ІІІ орынды Дүр Оңғар ауылдық кітапханасының оқырманы Нұрай Нұрлыбекқызы иеленді. Жүлделі орын алғандар мен барлық қатысушыларға алғыс хат пен сыйлықтар табысталды.

«Қт» ақпарат
04 сәуір 2021 ж. 2 000 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930