» » Кітап қоры көбейе түсті

Кітап қоры көбейе түсті

Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін – тәрбие құралы. Абай атамыз «Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа», «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деп кітап оқуға насихаттайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. Мектеп жасындағы балалардың кітап оқуға құмарлығын ояту үшін үлгілі мектептерде көптеген жұмыс атқарылуда. Балалар мен жасөспірімдерді кітап оқуға тарту, кітап оқуды насихаттау және «Оқитын ұлт – оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру бағытындағы 2021-2025 жылдарға арналған аудандық іс-шаралар жоспары жасалынды. Осыған сәйкес мектепте жоспар бекітілді және сол жұмыстар жүргізілуде. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында аудандық білім бөлімі арқылы мектеп кітапханасына биылғы оқу жылының желтоқсан айында 114 дана жаңартылған көркем әдебиеттермен қамтылды. Оқушылардың кітап оқуға құмарлығын ояту үшін мектепте көптеген жұмыс атқарылуда. Жаңа кітаптарда оқушылардың жас ерекшеліктеріне орай ертегілер, өлеңдер, анықтамалықтар, аудармалар, прозалар келді. Жаңа кітаптарға мектеп кітапханасында библиографиялық шолу, көрмелер қойылып оқушыларға таныстырылды. Мектеп кітапханасында 2021 жылдың Жыл кітаптарын таңдауда «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы ұсынылды. Акция аясында ел болып оқитын кітаптар «Поэзия», «Проза», «Балалар әдебиеті мен аудармалар» және «Драматургия» кітаптарынан көрме ұйымдастырылып оқырмандарға шолу жасалды. «Дала фольклорының антологиясы» жобасы аясында жаңа әдеби кітаптар келді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» еңбегінде көтерген «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» жобасы аясында 10 томдық антология жарық көрді.
Кітаптың аудиожазбасы мен электронды нұсқалық QR код арқылы танымал порталдар мен сайттардан жүктеп алуға болады. Кітапхана оқырмандар және оқушылар QR код арқылы кітаптармен танысты. Бір ел – бір кітап" акциясымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай «Жырлайды жүрек» атты поэзия кеші өтті.
Кеште ақын өлеңдері арқылы оқырмандарға поэзия құдіреті түсіндіріліп, өскелең ұрпаққа насихаттау. Мектептің 1 сынып оқушылары мектеп кітапханасына саяхат жасады. Онда кітапханадағы қызықты кітап, ертегілермен және де кітапханада ұйымдастырылған «Тәуелсіздік тарихы», «Анықтамалықтар», «Балаларға базарлық» атты кітап көрмелерімен таныстырылды.
Н.Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында», Д.Нұрпейсованың 160 жылдығына, Қ.Аманжоловтың кітаптарына Буккроссинг форматында іс-шаралар өткізілді. Оқырман белсенділігін қалыптастыру үдерісі мектепте заманауи тиімді технологиялар мен оқыту әдістері қолданылған жағдайда тиімді болады. Мектеп оқушысының кітап оқу іс-әрекетін дамыту Қазақстандағы білімді жаңғыртуда басым бағыттардың бірі болып табылады. Ұлттың рухани және интеллектуалды ілгерілеуінің құралы ретіндегі оқылым іс-әрекетіне балаларды және жастарды тарту мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасының үлесі маңызды болмақ. Кітап оқу – білім мен рухани құндылықтарды беру мен меңгерудің бір түрі ретінде, тұлғаны тәрбиелеу және білім беру адамның қоғамда табысты болуына және бәсекеге қабілеттілігінің жалпы деңгейіне әсер ететіні айқын.

Мира Берманова
аудандық кітапханашылар
бірлестігінің жетекшісі
02 сәуір 2021 ж. 1 961 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№87 (10352)

02 қараша 2024 ж.

№86 (10351)

29 қазан 2024 ж.

№85 (10350)

25 қазан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 2 814

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930