» » Оқырманның жансерігі-КІТАП

Оқырманның жансерігі-КІТАП

Кітапхана – адамзат ақылының киелі мекені, ғасырлар бойы жан әлемін жақсылыққа жетелеген даналық сарайы. Сонымен қатар ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты кітапхана саласында өзгерістер орын алуда, бұл заман талабы. Бүгінгінің кітапханашысы әмбебеп, жан-жақты кітапхананың электронды жүйесі мен дәстүрлі жұмыс жүйесін тең меңгерген маман. Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы жастарды кітап оқуға шақыруға, оқу мәдениетін, оқу талғамын қалыптастыруға бағытталған «Жастар таңдайды»-«Молодежь предпоЧТТАЕТ» атты видеороликтер жобасын жүзеге асырды. Жобаға қармақшылық оқырмандар белсене қатынасты. Орталық кітапханада жобаға қатынасып, жүлдегер атанған оқырмандармен кездесу өткізілді. Оларға: аудандық кітапханадан Б.Сахиеваға, кент кітапханасынан А.Сариковаға, ІІІ-Интернационал ауылдық кітапханасынан А.Исламбекке, А.Сақтағановаға, Қармақшы ауылдық кітапханасынан А.Мұратқыздарына әдістеме-библиография бөлімінің меңгерушісі Б.Раева Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының «Алғыс» хаты мен естелік сыйлықтар табыс етті. Қазіргі уақытта жастардың кітап оқуға ынтасы зор. Осыған орай ақпараттық-мәдени революция дәуірінің түпсіз мұхитына терең бойлай енген әрбір оқырманның жансерігі-КІТАП болады деп сенеміз!
03 қыркүйек 2018 ж. 1 554 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 787
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 065

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930