Ақын-елдің ардағы
Кітап деген — адам өмірінің арқауы. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру мақаласы тарихи мәні бар құжат қана емес, ол сонымен бірге ұлтымыздың рухын көтеретін бірден-бір озық ойлы мәлімдеме» Орталық кітапхана «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында «Туған өлке мәдениеті, өнегелік құндылықтар» базалық жобасын жүзеге асыру мақсатында «Жауһар жыр» жобасы жасаған болатын. Оның басым бағытының бірі аудан тұрғындары мен ақын-жазушылар арасында кездесулер өткізу. Рухани жаңғыру аясында, оқушыларды жерлес ақын-жазушыларымыздың шығармаларымен таныстырып, жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу, ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту мақсатында қалалық кітапханада 23 сәуір-«Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау» күніне орай өткізілген «Кітап-уақыттың мәңгілік куәгері» атты кітап мерекесінің бағдарламасына сәйкес ақын Д.Нәзікбаевтың қатынасуымен «Өлеңім-өмір дерегім» атты сыр-сұхбат кеш болып өтті. Сыр-сұхбат кешін әдістеме-библиография бөлімінің меңгерушісі Г.Төлегенқызы жүргізді. Ақынға оқырмандар тарапынан сұрақтар қойылып, шынайы өткен сыр-сұхбат кеші әдемі әсерге толы болды. Рухани кеште ақынның өлеңі оқылып, ән шырқалды. Ақын өзінің өлеңдерін оқыды. Кеш қонақтары «Ұлт бірлігі-Қармақшы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ш.Құндақбаев, аудандық Әйелдер кеңесінің төрайымы, аудандық маслихат дептутаты К.Раева, «Қармақшы таңы» газетінің тілшісі С.Жаудатбекқызы, ақын және кітап мерекесі жайлы өз пікірлерін білдіріп, жастарды Отанды сүюге, кітап оқуға шақырды. Шара соңында кітапхана директоры К.Қаниева кітап күні мерекесіне орай оқырмандармен кездесуге келген ақын Дастан Мырзабекұлына, жиылған жұртшылыққа ризашылығын білдіріп, кітапхана ұжымының атынан сый-сияпат тарту етті.