Әріптестер басқосуы

Басқосу барысында Алматы қаласында Катологизатор мектебінде оқып келген катологизатор Ж. Оразалиева және Д. Қосназаровалар Әмбебап ондық жіктеу /ӘОЖ/ туралы сонымен қатар Web-РАБИС модулі жайлы практикалық сабақ өткізді.
Әдістеме-библиография бөлімінің меңгерушісі Г. Раева кітапханаларда «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты дәстүрлі Жолдауының және «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуінен туындайтын мақсаттар мен міндеттердің жүзеге асырылуына тоқталды. Ол өз сөзінде әріптестерін оқырмандар арасында «Бір ел- бір кітап» атты акция аясында таңдалып алын Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармаларын, Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» және Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» атты кітаптарын кеңінен насихаттауға шақырды. Кәсіби шеберлік басқосуы екі топқа бөлініп өткізілді.