» » Рухани қазына құндылығы

Рухани қазына құндылығы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасын жүзеге асыруда «Оқуға құштар мектеп» жобасы қолға алынды. Осы орайда «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру барысында республикалық «Оқулық» ғылыми-практикалық орталығы 2020-2025 жылдарға арналған Білім беру ұйымдарының кітапханаларын перспективалық дамыту жөнінде жол картасының жобасын әзірледі.
«Оқуға құштар мектеп» жобасының мақсаты еліміздегі кітапханалардың ахуалы мен жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Жол картасы бойынша мектеп кітапханаларының материалдық-техникалық базасын нығайту десек, осы жоба аясында көркем әдебиеттер тізімі 4 бағыт бойынша жүзеге асыру көзделген. Олар: еліміздің үздік классиктерінің кітаптары, ана тіліне аударылған шетелдік әлем әдебиетінің жауһарлары, қазіргі заманғы ақын-жазушылардың кітабы және түрлі анықтамалықтар мен ғылыми-көпшілік басылымдар және оқу-әдістемелік құралдарымен жасақтау.
Жаңа жобада мектеп кітапханаларын көркем әдебиетпен толықтыру мәселесі көтеріліп отыр. Бұл жоспарды іске асыру үшін бес жылдай уақыт қажет. Осы уақыт аралығында еліміздегі барлық мектепті көркем-әдеби кітаппен толықтыру назарға алынған. Сондай-ақ бұл жоспарды жүзеге асыру үшін жыл сайын мектептердің кітапханасын 20 процент көркем әдебиетпен толықтыру жұмыстары жүргізілмек. Яғни бес жыл ішінде мектеп кітапханалары 100 процент көркем әдеби шығармамен кітап қоры толығуы тиіс.
Мемлекет басшысы өз сөзінде «Қазір бұл кітапханалардың қоры ескірген әрі жұтаң. Әсіресе көркем туындылар, ең тартымды әдебиеттер тапшы. Қазақ тіліндегі тиісті әдебиеттер өте аз немесе мүлдем жоқ. Оқушылардың әлем әдебиеті классиктерінің шығармаларына қолы жете бермейді. Оқу мәдениетін арттыру мәселесін кешенді түрде шешу үшін тілдік пәндер мен әдебиеттің оқу бағдарламаларын қайта қарау керек» деп Білім және ғылым министрлігіне ұсыныстар енгізуді тапсырған болатын.
Аудандағы 24 мектепке «Атамұра», «Мектеп», «Алматы» баспаларынан шыққан көркем әдебиеттер мектеп кітапханаларына беріліп, қамтамасыз етілді. Барлық білім беру ұйымдарында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында іс-шаралар жоспары бекітілген. Соған сәйкес әртүрлі іс-шаралар атқарылуда. Атап айтар болсақ, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» акциясы, «Кітап – алтын сандық, іші толған алтын қазына», «Жаңа кітап – жан азығы», «Менің сүйікті ертегілерім», «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» тақырыбында кітапханаға кітап сыйла акциясы ұйымдастырылды.
Жол картасы аясында білім беру ұйымдары кітапханашыларының қауымдастық бірлестігін құру, жас буын кітапханашыларға көмек көрсету жұмысын үйлестіру болып табылады. Қауымдастық құрудың негізгі мақсаты – мектеп кітапханашыларының жылдық жоспарлары бір ізгілікпен жұмыс істеуді, бір-біріне көмек беруді, тәжірибе алмасуды көздеп отыр. Облыстық мектеп кітапханашыларының қауымдастық ұйымының төрайымы, «Дарын» мектебінің кітапхана меңгерушісі Гүлмира Қалманова болып сайланды. Ауданда мектеп кітапханашылары арасында қауымдастық бірлестігі құрылып, жетекшілері №275 мектептің кітапхана меңгерушісі Мақпал Маханбетова және №26 мектептің кітапхана меңгерушісі Майра Жұмабекова сайланды. Аудандық білім бөлімінің ұйытқы болуымен мектеп кітапханашыларының 3 наурызда онлайн режимінде ZOOM платформасы арқылы «Кітапханада ұйымдастырылатын көпшілік жұмыстардың жаңа формасы» тақырыбында тәжірибе алмасу өтті. Оны облыстық Еркін Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған, №4 облыстық мектеп интернатының кітапхана меңгерушісі, облыстық қауымдастықтың төрайымы Гүлмира Қайырбекқызы жүргізді. Басқосуда «2020-2025 жылдарға арналған білім беру ұйымдары кітапханаларын дамыту жөніндегі жол картасымен танысу және талқылау», «Оқуға құштар мектеп» жобасы, «Сoworking» орталығын ашу, мектеп кітапхана ісі жөніндегі әдістемелік құралдар түсіндірілді.
Кітапханалар жұмысын оңтай­ландырумен қатар өскелең ұрпақтың кітап оқу сауаттылығын арттыру бойынша көркем әдебиеттің электронды базасын жасау және сандық технологияларды дамыту көзделген. Ал оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын ояту үшін мектеп кітапханалырында «Coworking» орталықтарын ашу маңызды. Қазіргі таңда «Coworking» орталықтары аудандағы 29 білім беру ұйымының 16-сында ашылды. Орталық жұмысына оқушылардың қызығушылығы жоғары көрсеткіште.
Айгүл ҚОСАНОВА,
аудандық білім бөлімінің
әдіскері
28 наурыз 2021 ж. 894 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№87 (10352)

02 қараша 2024 ж.

№86 (10351)

29 қазан 2024 ж.

№85 (10350)

25 қазан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 2 814

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930