» » » Даналық дәнекері

Даналық дәнекері



«Адамды адам еткен – кітап,
адамзат еткен – кітапхана»
Әбіш Кекілбаев
Кітапхана – мәдени-ағартушылық мекеме, даналық дәнекері, ғасырдан-ғасырға адамзат тарихының керуенін сүріндірмей әкеле жатқан, шырағы биік, парасаттылық пен білімділіктің, байлық пен біліктіліктің киелі ордасы. Оқырманмен кітап арасындағы алтын көпір. Ал кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беріп, ұлттық құндылықтармен оқырмандар арасын жалғастырушы – ол, әрине кітапханашылар.
Кітапхана – білімді дамытудағы көшбасшы. Ол мәңгілік парасаттың ең киелі ғимараты болса, кітапханашы сол рухани қазынаның шырақшысы әрі ақыл-ой әлеміндегі жол сілтеушісі.
Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен биыл балалар әдебиетін қолдау жылы болып жарияланды. «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Қ.Тоқаевтың бастамасымен «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт», «Тәуел­сіздіктің 30 жылдығына – 30 кітап оқу» жобасы ұсынылып, жал­пыхалықтық оқуға 5 әдеби жанр бойынша 30 кітап тізімі жарияланды.
Қазақ әдебиетінің қазыналы туын­дыларын насихаттау жұмыстарын Байқоңыр қаласындағы 5 қазақ мектеп кітапханашылары да бастап кетті.
Осы орайда Байқоңыр қаласы №275 қазақ орта мектеп кітапханасының осы жоба аясында атқарылып жатқан жұмыстарына шолу жасап өтсек. Осы жылдың қаңтар айында мектеп директоры Анар Сәденованың қолдауымен кітапханада «COWORKING» орталығы ашылды. Орталық – мектептегі түрлі іс-шараның, көпшілік жұмыстардың ұйытқысы болды. «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына да мақсатты игі істер ұйымдастырылып, көпшілік жұмыстар өтуде. Орталықтың заман талабына сай материалдық-техникалық базасының мықты болуы, балаға кітап оқуға, демалуға жағдай жасалуы, дизайнерлік безендіру де басты шарт. Мемлекет басшысының бастамасымен бұл жұмыс «Жол картасына» еніп, 2021-2025 жылдар аралығында кешенді түрде іске асыру жоспарлануда. Ал мектептің қолда бар мүмкіндігімен жөнделіп, техникалық базасы жасақталынған орталығымыздың ашылуына директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары Роза Жанқуаттың шаруашылық жұмысшыларының ең­бегін ерекше атап өту керек.
Оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру, оқу мәртебесін, оқу сапасын көтеру, тіл байлығын дамыту секілді мақсаттарды басшылыққа ала отырып, жоба іске қосылғалы бері мектеп кітапханасында «Отбасыммен бірге оқимыз» атты ата-аналармен оқу­шыларға арналған клубтың жұмысы жан­дана бас­тады. Әрбір ата-ана өз перзентіне ең жақсыны қалайды. Бала өмірде жетістікке қол жеткізуі үшін сауатты, білімді болып өсуі қажет. Ал ол үшін не қажет? Кітап оқудың пайдасы неде? Сөздік қорды көбейтіп, оқу мәдениетін, сапасын арттыру үшін, көңіл көкжиегін кеңейту үшін не істеу керек? Баламен кітапты қалай оқимын, қалай таңдаймыз? Сұрақ көп, жауабы біреу-ақ. Баланы кітап оқуға көбірек баулу және ең бастысы, кітапты сүюге көмектесу керек. Ата-аналарға кеңес бұрышында, баланы кітап оқуға баулудың жолдары көрсетілген. Орталықтың ерекше үйлесіммен безендіріліп, кітаптардың бала қызығушылығын оятатындай кітап макеттерінен құрылған көрмелер керуені – кішкентай оқырмандарымыздың сүйікті бұрышына айналды. Бұл кітап­ханашы Нұргүл Маманқызының өз ісіне жауапкершілікпен қарап, жан-жақты іздене білуінің арқасы.
Жыл басынан бері кітапханада оқырмандармен бірге атаулы күндерге арналған әртүрлі тақырыптағы іс-шаралар ұйымдастырылды. Жаңадан келген «Дала фольклорының антологиясы», «Ежелгі дәуір әдебиетінің антологиясы», «Ұлы даланың көне сарындары» кітаптары қалың оқырман қауымға арналса, «Даналық әдебиеті» инновациялық сөйлейтін қалам кітап­тары оқушыларымыздың қызыға оқи­тын кітабына айналды. Мектеп әкім­­шілігімен «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты Қ.Тоқаевтың мақаласына шолу, талдау, пікір алмасу сағаты өтті. «Поэ­зия Хантәңірі – Мұқағали» ақынның 90 жылдығына арналған поэзия кеші, «Жүз жасаған бәйтерек» тақырыбында Ж.Жабаевтың 175 жылдығына арналған танымдық сағат, поэтикалық марафон, кітап көрмесі көпшілікке жол тартты. «Туған өлкем – тұнған шежіре» атты кітап көрмесі экологиялық дөңгелек үстел отырысында оқушылар туған өлкеміздің тарихын, географиялық, әлеуметтік, мәдени тыныс-тіршілігімен танысты. «Кітап – саған мың алғыс!», «Благодарю тебя, Книга» тақырыбындағы кітап көрмесі, Байқоңыр қаласындағы 5 қазақ мектеп кітапханашыларымен бірлесіп, «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» акциясы аясында бірнеше жұмыстар атқарылды. Соның бірі Қызылорда қаласының, Қармақшы ауданының «Құрметті азаматы», «Құрмет» орденінің иегері «Сәпен Аңсатовтың азаматтық ұстанымы» тақырыбындағы «Айтарым бар...» кітабы бойынша дебат өткізілді. Сондай-ақ «Асыл мұраны насихаттаймыз» Наурыз онкүндігі аясындағы іс-шара да жоғары деңгейде аталса, Халықаралық кітап сыйлау күніне орай мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Эльмира Утеуованың бастамасымен «Кітапханаға кітап сыйла» челленджі жалғасуда. Ұстаздар арасында өткен осы челенджге, 8 «Б» сыныбы да үн қосып, кітапхана қорын құнды кітаптармен толтырды. Қашықтан оқыту жағдайына байланыс­ты үйден оқитын оқушыларға арналған қажетті әдеби шығармалардың электронды нұсқасын KAZNET сайты арқылы ұсынып шолу жасалынып, даталы күндерге арналған бейне түсірілімдер, визуалды кітап көрмелері әлеуметтік желіде мектеп сайтының парақшасында үнемі жарияланып тұрады. Сөзіміздің соңын ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Кітапханалар заман талабына сай өзгеріп, жастар үшін аса тартымды ілім-білім орталықтарына айналуға тиіс» деген нұсқауымен оқырмандарымыздың кітапқа деген сүйіспеншілігін оятуда әлі талай жүйелі жұмыстар жасалынбақ.

Мақпал МАХАНБЕТОВА,
аудандық мектеп кітапханашылары қауымдастық ұйымының жетекшісі
02 сәуір 2021 ж. 1 317 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031