» » » Басылым бақшасының бағбандары

Басылым бақшасының бағбандары


Жасымнан өлеңге үйір болғаныммен редакция атты қара шаңырақтың киелі есігін көпке дейін батылым барып аша алмай жүрдім. Бірде өзімді-өзім қамшылап қазіргі Амангелді көшесіне орналасқан редакцияға «Күрішші» атты өлеңімді қолыма алып есігін қақтым. Шынымды айтайын, баспа үйін өзім халықтың ең қадірлейтін орыны есептейтінмін. Сықырлай ашылған сары белбеулі есіктен кіріп, қосарласа қойылған қос үстелдің шетінде отырған кісіге қолымдағы қағазымды ұсындым.
Оқып көрді, зейін қойды. Сосын: – Мына бала Қанибек пен Мариямкүлдің туысқаны болды ғой, – деп рахаттанып күлгені.
– Балам, әкең не жұмыс істейді?
– Күрішші.
– Дұрыс екен, өлеңіңді талдап көреміз, – деп шығарып салды.
Ұзамай әлгі өлеңім жарық көрді. Бұл менің өлең жолындағы алғашқы қуанышым еді. Сұрастыра келсем әлгі кіслер айтқан Мариямкүл апа Ақжар ауылындағы Динау ағаның қарындасы болып шықты. Баспаханада апам болғаннан кейін шабытым тасып, өлеңдерімді жиі апаратын болдым.
Мариямкүл апа №26 мектепті бітіргемін осында әріп теруші болып алғашқы еңбек жолын бастаған екен. Ол кезде жұмыстың барлығы дердік қолмен атқарылатын. Ал, әріпті қолмен біртіндеп теруге үлкен шыдам керек. Ерінбей еткен еңбектің арқасында баспахана басшыларының назарына ілігеді.Сонан да болар, талапты қыз баланы Қызылорда қаласында ашылған арнаулы линотипші, яғни жаңа үлгідегі электрлендірілген терім машинасымен жұмыс істеуге үйрету үшін оқуға жібереді. Бұл 1957 жыл. Одан бері қаншама жыл өтті. Біреулер келіп, біреулер жұмысты ауыстырып жатты. Бірақ Мариямкүл еңбек етемін, осы жұмыстың қыр-сырына қанығамын жеп келген жастардың біреуінің де бетінен қақпады, білгенін үйретуден жалыққан жоқ.
Сол жылдары баспаханаға жұмысқа кірген құрбы-құрдастары, линотип терушісі Жадыра Сүйеубаева, Галя Есетова, бет жасаушы Тыныштық Шыңғысова, Жұмакүл Жайшылықова, газет басушы Кампош Ұзынжасова, Шәрікүл Молдабекова, есепші Баян Әлиасқаровалар бүгінде құтты мекенде 30-35 жылдан жұмыс жасап, зейнеткерлікке шыққан еңбек ардагерлері. Олардың отбасыларында той-томалақ бола қалса жұптары жазылмай ұйымдаса қалады, бірін-бірі іздейді. Ауызбіршілік дегеніміз де осы болар.
Солардың ішінде біріне апа, біріне сіңлі болып жүрген тұлға, 27 жыл мекменің есепшісі болған Баян Әлиасқарова жайлы тоқталып өтпеске болмас.
Білімі мен біліктілігі өресін кеңейтіп көрсететін Баян апа үлкенге де, кішіге де үлгі бола білген жан. Ол кісіден бірауыз қатаң сөз естімей-ақ кеттік, деп замандастары ырзашылық сезімдерін білдіріп отырады. Оның шет жағасын біз де көрдік қой. Берекелі дастарқан ұйытқысы, Бәйміш ағаның жары, апамыздың үйінен елге келіп дәм татпаған ағалар мен журналистер қауымы жоқ та шығар, бәлкім.
Енді логотип терімшісі Жадыра Сүйеубаева жайлы газет редакторы Алтай Үсенұлы былай дейді.
– Кейде Әзекең Амановтың (бұрынғы редактор) тапсырмаларын тез орындау үшін Жадыра апаға барып бірден диктовка жасайтынмын. Апа біздің көңілімізден табан астында шыққан мақалаларды сол қалпында тасқа басып беретін, – дейді өткенді еске алып.
– Зейнеткер жасында болғанмен сүйікті газетіміздің әрбір санын асыға күтіп отырамыз. Әсіресе, соңғы жылдары газет компьютерде теріліп, беттеліп, баспаханадан түрлі-түсті болып шығатынын көріп қуанышымыз қуанышқа ұласуда. Оның үстіне аудан әкімінің редакция ұжымын жаңа ғимаратқа қоныстандырғанын есітіп көңіліміз бір көтеріліп қалды, – дейді Мариямкүл апа хабарласқанымызда.
Бүгінгі 75 жылдық мерейтойда газеттің осы деңгейге жетуіне өзіндік үлестерін қоса білген, баспахананың ардагерлеріне мерекелік лебізімізді жеткізгіміз келеді.

Қуан БАЙҚОЖАЕВ
(басылым мұрағатынан)

26 маусым 2020 ж. 1 029 0

Ұқсас жаңалықтар:

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031