» » Үсіп өлген баланың әлегі

Үсіп өлген баланың әлегі

Мәйітхана. Қыс мезгілі. Түн ортасы жақындап қалған. Патологанатом Вася екеуміз бөлмеде тамақтанып отыр­мыз.­ Есіктің қоңырауы шылдырлады. 
Есікті ашқанымда шамамен 10 жастағы қаңғыбас баланың мүрдесін алып келді. Үсіп кетіпті. Тоңазытқышта орын қалмағандықтан, үстіне көрпе жауып, есіктің жанына қалдырдық. Менің көзім баланың­ қолына тастай қылып қысып ұстап алған тұмарына түсті. Алақанын ашып алғым келсе де қатып қалған қолды жазу мүм­кін болмады. Сөйтіп, Вася екеуміз өз ісімізбен болып кет­тік. Вася өзінің де балалық шағында әке-шешесінің қарауын­сыз­ қалғанын, жетім балалар үйін паналағанын есіне түсірді. Кенет ол баланы көріп келмекші болып дәлізге шығып кетті де, ұзақ кідіріп қалды. «Бұған не болды? Әлгінде тамақпен бірге жүз грамдатып еді, бір жерде құлап қалмаса игі деп соңынан шықтым.

Вася баланы жатқызған жерде тұр. «Марат, мен ештеңе түсінбей тұрмын, әлгі бала қайда?» – деді ол маған қарап аңтарылып. Қарасам, ешкім жоқ. Әлгіндегі тұмары мен көрпесі ғана жатыр. Вася екеуміз дереу мәйітхана ішінен қашқынды іздеуге кірістік. Мүрделерді тексеретін бөлмеге кірдік. Үстел үстінде жатқан мәйіттерден басқа ешкі көрінбейді. Бір кезде­ Вася: «Міне, ол, үстелдің астында!» – деп айқайлап жіберді. Қарасам, шынымен де үстел астында бала отыр. Көздері бақырайып бізге үрейлене қарап қалыпты.

«Сен не, тірісің бе? Бері шық, біз саған ешбір қиянат жасамаймыз» – деп жатыр Вася. Осы мезетте біздің отыратын­ бөлменің терезесі ашылғандай дыбыс естілді де, солай қарай жүгіріп кеттік. Не болғанын түсінсек бұйырмасын, бәрі жабық тұр. Барлығы орын-орнында. Қайтып келсек, үстелдің астындағы бала жоқ. Өзі жатқан жердегі тұмары да ғайып болыпты.

– Әй, балам, – деп айқайдалым мен. – Сенімен жасырынбақ ойнайтын жаста емеспін, қартайдым. Өзің бермен шықшы.

Осы кезде қолыма сұп-суық бірдеңе тигендей болды. Жалт қарадым. Әлгі бала менің қолымнан ұстап алыпты, түсі оңған шүберектей боп-боз. Көкпеңбек, мұздай, тура мәйітке ұқсап қалған. «Кет әрі» деп итеріп жіберіппін. Бала тағы да жоқ болып кетті. 

Вася екеуміз сыртқа шықтық. Әлгінде арақты көбірек ішіп қойғанбыз деп түсіндік. Темекі шегіп тұрып жаурап та қал­дық.­ Ішке амалсыздан кірген соң, үстел үстіндегі тұмарды көр­дік. Жан-жақты шарлап, сол тұмардың иесін іздестіре бас­та­дық. Осы кезде есік қоңырауы шыр етті. Барып ашсам, еш­кім жоқ. Қайтып бара жатсам, тағы шырылдады. Осылайша әлгі жүгермек бізді бес рет әуреге салып, титықтатып тастады. Бір мезетте мәйіт тексеретін бөлмеден шу шықты. Барсақ, астаң-кестеңі шығып жатыр. Үстел үстіндегі үш мүрде жоқ. «Кәнеки, бермен шығыңдар. Ұстасам, аямаймын» деп айқай салды Вася. Шкаф тұрған бұрыштан баланың сыңғырлаған күлкісі естілді. Шкафта ашып қалсақ, ешкім жоқ. Енді күлкі басқа бұрыштан, жазу үстелі жақтан естілді. Дереу жетіп барып үстел астын қарасам ешкім жоқ. Артыма­ бұрылсам, бала тұр. Қолында әлдебір құндақтаулы сәби сияқ­ты оралған нәрсесі бар, өзі жылап тұр. Васяға дауыстап үл­гергенімше бала да ғайып болды. Бәрі дұрыс-ау, бірақ үш мәйіт қайда кетті? Есімізден алжасып кетпей тұрғанда, жаурасақ та далаға шығайық деген шешімге келдік. Солай еттік те. Тек таңқаларлығы, ішке кірерде есікті мұқият жапқанбыз. Ал, қазір сыртқы есік ашық тұр. Шамасы мүрделер кетіп бара жатып, есікті жауып кетуді ұмытса керек. Сыртта темекі шегіп отырмыз. Біздің бөлмедегі жарық кенет өшті де, сырт­қы­ есік ашылды. Тағы да баланың күлкісі шықты. Енді біз күтіп тұрғымыз келмеді, мәйітхана жанында орналасқан ауруханаға қарай жүгірдік. Қабылдау бөлмесіне барып, барлық мед­бикелерді оятып алдық.

– Біздің үш мәйітіміз қашып кетті, ал сендер ұйықтап жатырсыңдар, – деп Вася айқайды салды дейсің. Медбикелер, әрине, бізге сенген жоқ.

– Егер тез кетпесеңдер, жындыханадан адам шақыртамыз, – деп қорқытты. Амалсыздан, кері қайтып келдік.

М.САПАРОВ.
14 мамыр 2019 ж. 1 748 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 036

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031