» » Астана әкімі баланың өмірін сақтап қалған тұрғынға 500 мың теңге табыстады

Астана әкімі баланың өмірін сақтап қалған тұрғынға 500 мың теңге табыстады

Біз бұндай әрекеттерді назардан тыс қалдырмауға тиіспіз, сондықтан қорымыздан марапат бөлуді ұйғардық. Шын жүрегімнен әкімдік аппаратының және барлық астаналықтың атынан сізге ісіңіз үшін алғыс білдіремін. Сіздің ісіңіз шексіз бағаға лайық", – деді Бақыт Сұлтанов

Артем Караев туралы қазақстандық қана емес, ресейлік және әлемдік БАҚ та жазды. Қаһарманның өзі абдырап, ұялып тұрды. Журналистерге басқаша жасау қолынан келмейтінін айтты.
"Баланы құтқару туралы ой болды, басқаша істей алмас едім. Басқа ой да келді, оларды ысырып тастадым, бала көз алдыңда құлап кетсе, ол жақтан кетіп қалып, терезені жауып алып... Бұны істей алмадым. Үйде едім. Бірдеңе түртіп, балконға шықтым. Төменнен айғай-шу естідім. Терезеден қарадым. Адамдар топталып қалыпты. Бәрі жоғарыға қарап тұр, мен оларға, олар мен жаққа қарап тұр. Біреу асылып қалған болар деп ойладым. Жоғарыға қарап едім, бала "Көмектесіңдер, анашым!" деп айғайлап тұр. Қолымнан келгеннің бәрін жасауға тырыстым", – деді Артем. 
Әкім берген ақшаны қайырымдылыққа жұмсамақ. 
"Қаржылай көмекке зәру емеспін. Бастысы – бала тірі қалды", – дейді Артем Караев. 
Естеріңізге салайық, Астанадағы тұрғын үйдің 10-қабатынан жеті жастағы бала құлап кете жаздады. Бір қабат төменде тұратын көршісі Артем Караев айғайды естіп, баланы құтқарып қалды. 
Бала терезенің торын ашып алған. Осылайша көшеге шыққысы келген. Бұл кезде баланың анасы үйді сыртынан кілттеп, көшеге шығып кеткен. 
Желі қолданушылары бұның бәрін видеоға түсіріп алды. 
today.kz
26 қыркүйек 2018 ж. 1 228 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 211

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 149

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 320

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930