» » » МЕЙІРІМДІ ЖҮРЕК

МЕЙІРІМДІ ЖҮРЕК

Өмірдің адам түсінбейтін қыр-сырлары өте көп. Бірде қуансақ, бірде ренжіп жатамыз. Қайнымның кішкентай қызы ауырып қалып, Астананы қаншама рет жол қылды десеңізші?! Ол бір жәй ғана қиындық болып, аман-есен сауығып кетуін тіледім. Соңғы бір барып келгенде, келінімнің өз аузынан естіген әңгіме еріксіз қолыма қалам алдырды.
«... Жанымызда бір палатада жиырма жасар жігіт бала жатты. Әкесі он төрт жасында қайтыс болған екен. Анасы мардымсыз қаражатқа жұмыс істейді. Өзінен кейін үйелмелі-сүйелмелі іні-қарындастары бар екен.
 – Сол он төрт жас қиын бір жыл болып, көлік апатына ұшырадым. Өзім жас болдым, анамның мардымсыз қаражатына емделу мүмкін емес еді. Сонымен ес жиып, өзім кішкене қаражат жинап, емделуге келген жайым бар, – деді күлімсіреп.
 – Сенімен кім еріп келді? – деп сұрадым.
Ол жәй ғана күліп: – Ешкім, мен өзім ғана келдім, – деді.
Баланы қатты аяп кеттім.
Ертеңіне жолдан ауруханаға керек-жарақ, жеміс-жидектер алып, Асхаттың палатасына келдім. «Дәрі аласың» деп қолына кішкене қаражат қыстырдым.
– Тәте, мұныңыз не? Сіз өзіңіз де мен сияқты күй кешіп жүрген жоқсыз ба?! – деді.
– Ештеңе етпейді, ала ғой, менің туыстарым, отбасым жеткілікті етіп салып тұр. Тек сен жазылып кетсең болғаны, – дедім.
Ол теріс қарап, көзінің жасын іркіп қалды. Ал мен бойымнан ауыр бір жүк түскендей күй кештім.
 Сонымен Асхатқа операция жасап, палатаға алып келді. Ішке кіріп:
– Асхатжан, жағдайың қалай? – деп едім «Тәте!», – деп анасын көргендей қолымды қысып алып, жылап жіберді.  
– Асхатжан, кішкене шыдай ғой, бұл да өтеді, – деп Асхатқа жігер беру үшін, өз-өзімді әрең ұстадым. Стақандағы судан кішкене ішкізіп, тыныштандырдым.
Үш-төрт күннен кейін біз де ауруханадан шықтық. Ендігі бір тілегім «Асхат аман-есен аяғына тұрып, сауығып кетсе екен. Оның асқақ арманы анасы мен бауырларына қамқор болу еді. Сол арманы орындалса екен деймін!» – деп сөзін аяқтады келінім.      
Иә, өмірде адамдар бір-біріне бауыр басып, жақсылық жасағанға не жетсін?! Келінімнің кішкене де болса балаға қуаныш сыйлағанына өзім қатты  риза болдым.
      Рая ЖУРМАНОВА,
№274 орта мектеп мұғалімі.                    
22 мамыр 2019 ж. 4 218 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 169

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 144

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 295

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930