» » ҮШЕМ КЕЛДІ ӨМІРГЕ

ҮШЕМ КЕЛДІ ӨМІРГЕ

   

Өңірімізде биылғы жылдың алғашқы үшемі дүниеге келді. Жаңақорған ауданы Қожакент ауылындағы Үсеновтер отбасында үш қыз дүниеге келді. Оларға Мәдина, Әдиля және Фатима деген есім берілді. Отағасы 35 жастағы Өмірбек жеке кәсіпкер, отанасы 27 жасар Камила ауылдық әкімдікте жұмыс жасайды.

Аман-есен аяқ-қолын бауырына алған Камила Шайжанова ауруханада он күн жатты. Осы уақытта ол мерзімінен бұрын туылған сәбилерімен бірге дәрігерлер бақылауында болды.
–Жүктіліктің 11 аптасында кезекті УДЗ-ға түстім. Сонда маған құрсағымда үш сәби бар екенін айтты. Жолдасым екеуміз сенер-сенбесімізді білмедік, бірақ Алланың берген сыйы ғой, қатты қуандық. Жүктіліктің 34 аптасында облыстық перинаталды орталыққа келдім. Осындағы мамандардың көмегімен аман-есен босандым. Нәрес­телердің салмағы екі келіден сәл ғана асып туылды. Қазір жағдайлары жақсы,– дейді Камила.
Үсеновтер отбасында енді бес қыз бала болды. Тұңғыштары Айару бес жас­та болса, Райана – үште.
Үшемге аудандық аурухана және ауыл әкімі балалар арбасы мен киім-кешектер сыйға тартты. Айта кету керек, бұл Жаңақорған ауданында соңғы сегіз жылда өмірге келген үшінші үшем екен. Ал облыста жыл басынан бері 28 егіз дүниеге келген.
Айнұр БАТТАЛОВА.
25 сәуір 2019 ж. 1 732 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 206
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 78

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031