» » Мерекедегі шаттық

Мерекедегі шаттық

Адамға нәсіп еткен күннің жаманы жоқ. Десе де, 8 наурыз – барша нәзікжандылардың асыға да сағына күтетін ерекше күні. Бұл аналарымыз бен қыз-келіншектеріміздің сияпатқа ие болатын, қошеметке бөленетін мейрамы. Өмір – толассыз. Сәт сайын жас ұрпақ дүние есігін ашады. Өмірге ертеңгі күннің иесі – кішкентай адам келіп жатады. Ал, жарық дүниеге келген сәби, ақын жырлағандай «Әр қазақ – менің жалғызым».
Халықаралық Аналар мейрамында аудан әкімі Сұлтан Мақашов аудандық перзентхана бөлімінде болып, 8-наурызда туған сәбилердің аналарын айтулы мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, алтын құрсақты аналардың ізін жалғап келе жатқан жас аналардың денсаулығын сұрап, оларға мерекелік сыйлықтар тарту етті.
– Мерекеде аман-есен 3 сәби өмірге келді. Ананың да, баланың да денсаулығы жақсы. Әрі қарай да дәрігердің бақылауында болады, – дейді перзентхана меңгерушісі Раяш Құрманбаева. 
Жас аналарға аудан әкімімен қатар, халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы аудандық филиалының төрайымы, аудандық мәслихат депутаты Күлжауһар Раева, амбулаториялық-емханалық қызметі бар аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері, аудандық мәслихат депутаты Бақытжан Нысанбаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Серік Айдаров игі тілегін жеткізді.  
Аудан басшысы әкімдік пен аудандық мәслихаттағы, оның аппаратындағы ару әріптестеріне де жылы лебізін білдіріп, мерекемен құттықтады. Шара кезінде  өңірдегі қол жеткен табыстар мен жетістіктерде нәзікжандылардың да үлесі мол екеніне тоқталды.
Сәрсенкүл АҚКІСІ,
«Қармақшы таңы». 
12 наурыз 2019 ж. 1 237 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031