» » «О ДҮНИЕГЕ БАРЫП КЕЛГЕНІМДІ АЙТТЫ»: ҚАРАҒАНДЫЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР МИЫНА ҚАН ҚҰЙЫЛҒАН ЖҮКТІ ӘЙЕЛДІ ҚҰТҚАРДЫ

«О ДҮНИЕГЕ БАРЫП КЕЛГЕНІМДІ АЙТТЫ»: ҚАРАҒАНДЫЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР МИЫНА ҚАН ҚҰЙЫЛҒАН ЖҮКТІ ӘЙЕЛДІ ҚҰТҚАРДЫ

Қарағандылық дәрігерлер аяқ астынан миына қан құйылған жүкті әйелді құтқарып қалды. Оның сәбиі де аман қалды.


Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды. 
Қарағандыда Айнұр Жаншина есімді жүкті әйелдің миына қан құйылып, өміріне қауіп төнген. Дәрігерлер оны аман алып қалды. Бүгінде әйел өзіне келіп, сөйлей алады. Десе де аяқ-қолын басқару қиындапты. Алайда дәрігерлер әйелдің уақыт өте келе қалпына келетінін айтады.
«О дүниеге барып келгенімді айтты. Дәрігерлерге алғыс білдіремін. Көп рахмет! Мұндай болатынын білмеппін», - дейді жаны аман қалған әйел. 
Қарағандыдан 5 сағаттық жердегі ауылда тұратын Айнұр Жаншина жүктілігінің 32-аптасында Шахтинск қаласындағы туыстарына қонаққа келіпті. Сол жақта әйел есінен танып қалып, бас миының тамыры кеңейіп, жарылып кеткен. Мұндай жағдайдың 97 пайызында жүкті әйелдер көз жұмады екен. 
Айнұрды Қарағандыдағы Мақажанов атындағы клиникаға жеткізген. Дәрігерлер оған ота жасауды ұйғарыпты. Ота 2,5 сағатқа созылған. 
«Жүкті әйелдерде биологиялық процестердің қалай жүретінін болжап білуге болмайды. Барлық процесс жылдамдай түседі. Біз үшін бұл қалыптан тыс жағдай болды. Оны аман алып қалу қолымыздан келді», - дейді  облыстық травматология және ортопедия орталығының нейрохирург дәрігері Ниязбек Ерниязов.
Қарағанды облысында мұндай ота алғаш рет жасалған. Ертесі күні дәрігерлер кесір тілігін жасап, әйелді босандырып алыпты. Айнұр ұлына Бақтияр деп есім берген. Бүгінде сәби әкесінің жанында. Анасы да жақында үйіне жіберіледі.

23 сәуір 2019 ж. 1 548 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 028

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031