Біртуар Боқайдың бейкүнә бейнесі
Зиялыларды зынданда зарлатқан зұлмат заман зардаптары. Қазақ қаймақтарын қалқып, қынадай қырған қатігез Кеңестік кезеңде қуғын-сүргін көріп, одан аман ақталып шыққан Боқай Елемесов туған жерді түлетуге ерен еңбегімен ел есінде қалған нағыз білімді, білікті, беделді тұлға еді. Көзі ашық, көкірегі ояу кісілерді қыршыннан қиып, өмірін жаппай жалмаған жұттан жазықсыз жапа шеккен жандарды жалпақ жұртқа жариялаудың жөні бөлек. Өйткені мәңгі мемлекет болуды көздеген қазақ халқының келешегі оның өткеніне қарап айқындалатыны анық. Алаш тарихында есімі алтын әріппен жазылған асылдары неғұрлым көбейсе, ұлт болашағы соғұрлым баянды болары сөзсіз.
Боқай Елемесов шын мәнінде өте білімді, сауатты, әділдікке қылау түсірмеген турашыл, талапшыл, адамгершілік қасиеті мол, ішкі мәдениеті жоғары, халқына қадірлі, еліне сыйлы, беделді де белді тұлға болған. Шежірелі тарихын жетік білетін, өзі біліп қана қоймай өзгелердің бойына сіңіре білген, балаларды надандықтан құтқарып, адалдыққа үйреткен, республикадағы сауатсыздықты жоюда орасан зор тер төккен ұлт зиялысының өткен өмір жолы жастарға үлкен үлгі-өнеге.
Боқай Елемесов 1912 жылы Қармақшы ауданында дүниеге келген. Репрессия құрбандары туралы тарихи деректерде оның туған жері туралы екі түрлі мәлімет бар: бірі – №5, екіншісі – №13 ауыл. Менің білетінім, әкемнің туып, өскен жері бүгінде ұрпақтары тамыры тереңге тартқан өлке – Қармақшы ауданы сол кездегі №4 ауыл, Қызыл әскер ұжшары, кейін Энгельс, одан соң – Жаңажол, қазіргі Дүр Оңғар ауылы.
Әкесі, яғни атамыз Елемес ешкімнің ала жібін аттамаған, ақысын жемеген, тірі жанға қиянат жасамаған, ғұмырында тек өзінің адал еңбегіне арқа сүйеген, өмірінде өтірік сөз айтпайтын, мінезі жайдары адам болғандықтан, айналасына сыйлы екен. «Тектіден текті туады, ата жолын қуады» демекші, баласы Боқай да жаны таза, пейілі ақ, аузын ашса көмекейі көрінетін ақкөңіл, жетім-жесір көрсе жебей жүретін, кедей-кепшікке қол ұшын беріп, үнемі қайырымдылық көрсететін сірі кісі болып қалыптасады. Жастайынан білімге құштар, алғыр да зерек болып өседі. Әуелде ауыл молдаларынан сауатын ашып, кейіннен жеті жылдық орта мектепті үздік тәмәмдаған. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, өзін жан-жақты көрсете білген. Еңбекке ерте араласып, ұжшардың қара жұмысын қоса атқарады. Ұлы даладағы ұлт сауатсыздығын жою мақсатында республикада тұңғыш ашылған 92 жылдық тарихы бар Қазақ педагогикалық институтына (ҚазПИ), қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне оқуға қабылданады. Алаш ардақтылары, қазақ халқының біртуар перзенттері, ұлт мақтаныштары – О.Жандосов, С.Асфендияров, А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин, Б.Алманов, Х.Досмұхамедов, І.Қабылов, Т.Жүргеновтердің дәрісін тыңдап, белгілі тіл мамандары Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, математик Ә.Ермеков сынды ғалымдардан тәлім алады. Осында оқып жүріп, қоғамдық өмірге белсене араласып, студент жастардың әлеуметтік қозғалыстарына қатысады. Бірақ сол кездегі қиын заманға байланысты жоғары оқу орнын толық тәмәмдай алмаған. Үйде әкемнің әскери билеті сақтаулы, онда Қазақ педагогикалық институтының 3 курсын оқығаны жазылған. Әкемнің аталас інісі Нариман ағам бірде үйге қонаққа келген еді. Біз ол кезде оң-солымызды әлі танып үлгермеген баламыз. Сол кісінің әкем туралы айтқан мына бір әңгімесі есімде қалыпты: «1933-1937 жылдары мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновтің Қазақ АКСР Халық ағарту ісінің комиссары қызметін атқарып жүрген кезі. Ол комиссариат жұмысына С.Асфендияров, Қ.Жұбанов, Ғ.Мүсірепов сынды қайраткерлерді тартты. Жүргеновтің тікелей атсалысуымен «Қазақстанда мектеп жүйесін реттеу және қазақ орта мектептерін көбейту туралы» қаулы қабылданып, білім беру ошақтарының саны артты. Боқай да осы Халық ағарту комиссариатында қызмет етіп жүрген еді. Бір күні Темірбек Жүргенов Боқайды шақырып алып, «Мәскеуге жоғары білім алып, біліктілігіңді арттыруға барасың», – дейді. Сонда Боқай ағам: «Үйленгенмін, отбасым бар» деп қарсылық білдіріпті. Сонда Жүргенов: «Көзінде оты бар, болашағынан үміт күтетін жас жігіттерді алға сүйресең, кейін тартады» деп қатты ренжіпті. Кейін тағы шақырып алып, «Алматы облысында артта қалып тұрған мектеп бар, соны қатарға қос, жағдайын көтер, қазақ оқушыларының санын арттыр» деп жіберіпті. Арада біраз күндер өтеді. Халық ағарту комиссары Темірбек Жүргенов республикадағы оқу орындарын аралап, хал-жағдайларымен танысады. Бір жолы Боқай ағамды өзі жіберген мектепке ат басын бұрып, арнайы барады. Ол кезде Боқай сол мектептің директоры болып қызмет етіп жүреді. Білім ошағының тыныс-тіршілігімен танысып, не керек, қандай көмек қажет екенін сұрайды. Боқай ағам қабырғасы қақырап, іргесі сөгіліп тұрған мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілу керек екенін тілге тиек етеді. Жүргенов басын изеп, қағаз күнделігіне түртіп, мәселені күн тәртібіне қойып, мемлекеттен қомақты қаржы бөлетінін айтып, уәде беріп кетеді. Күрделі жөндеуге қаржы қолбайлау болып, ақша келе қоймаған соң Боқай «Сіздің уәдеңіз кешігіп жатыр» деген жеделхат, телеграмма жібереді. Бұл кезде, яғни 1937 жылы 3 тамызда КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылған Т.Жүргенов «Халық жауы» деген жалған айыппен ұсталып, РСФСР Қылмыстық Кодексінің 58-бабының 10,11 тармақтары бойынша ату жазасына кесілген еді. Кейін жалаңдаған жазалаушы жендеттер Жүргеновтің жұмыс кабинетін тінтігенде сол кезде мектеп директоры болып қызмет етіп жүрген Боқай Елемесовтің әлгі жіберген жеделхатын тауып алып, «Жүргеновтің құйыршығы» деген жалған жаламен бас бостандығынан айырып, 10 жылға абақтыға қамайды. Сөйтіп Боқай Елемесов 1937 жылдың 16 қазанында тұтқындалып, сол жылдың 7 желтоқсанында Ішкі Істер Халық комиссариаты Үштігінің (Тройка УНКВД) қаулысымен, 10 жылға сотталады».
Талма тұстағы тас қапас тепсе темір үзетін түлектің тау тұлғасын төмендетпеді. Керісінше, қамал қабырғаларына келешектегі қуатты қарекеттерін қашатты.
«Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кетті, дін нашарлап, хал арам боп,
Қарағым, енді жату жарамас-ты».
Міржақып Дулатовтың осы ұраны он жылға сотталған Боқайдың сағын сындырмай, жігерлендіре түсті. Боқай Елемесов жалған жазасын өтеп, 1947 жылы босап шығып, кіндік қаны тамған жері Қармақшы ауданына қайтады. Туған өлкесіне келген соң, соғыстан кейінгі елді оңалту жұмыстарына білек сыбана кіріседі. Бидайкөл ұжшарында қатардағы қара жұмысшыдан бастап, қолынан келген кәсіптің бәрін аянып қалмайды. Экспедитор болып қызмет етеді. Мал бағады, егін егеді, күріш алқабын жандандырады. Өмірлік күш-қуаты мен еңбегін еліне, ел болашағы – балаларды тәрбиелеуге арнаған, шексіз білім мен тәрбие теңізінде өзінің ізбасарларын даярлайды. Ауылды, ауданды көркейту жұмыстарына қатысады. Ұлт зиялыларының үні әкемнің жадында мәңгі жатталып қалса керек, ауыл жастарының басын жиып, Алаш арыстарының айтқан өсиеттерін, қойнауы қатпар тарихтың ұңғыл-шұңғылын, қылышынан қан тамған Кеңестің көлеңкелі тұстарын әсерлі әңгімелеп отырған кезде жағымпаздар жоғарыға хабар беріп, үштік органның «қырағы» сақшылары оның қолына қайта кісен тағып, алып кетеді. Тарихи деректерге сәйкес, бұл 1949 жылдың 21 қаңтары еді. РСФСР Қылмыстық Кодексінің атышулы 58-бабы 7,10-тармағы бойынша айыпты деп танылып, 1947 жылдың 20 шілдесінде солақай саясаттың салдарынан Сібірге айдалады. Онда темір жол жасауға төселетін шпал зауытта жұмыс істеп, жазықсыз жазасын тағы өтейді. Сол жақта анаммен танысып, екінші рет отау құрады. Жоғарыда Жүргенов әкемді Мәскеуге оқуға жібергісі келген кезінде отбасылы болғандықтан, бара алмағы жөнінде жаздым. Бірақ бірінші әйелінен бала болмаған және әкемізден ерте айрылғандықтан, ол туралы бүге-шігесін көп біле бермейміз. Сапарбек ағам, мен және Нәзира есімді сіңлім, үшеуміз сол Сібірде дүниеге келіппіз.
Анам Зылиха 1929 жылы дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы басталғанда небәрі 12 жаста екен. Бұғанасы берік қатпаса да күндіз соқамен жер жыртып, ауыр қара жұмысқа жегіліп, түнде майдангерлер үшін қолғап, шұлық, мойын орағыш тоқыған. Отан үшін отқа түскендерге қолдау көрсетіп, Жеңіс туын желбіретуге үн қосты. Үй-үйді аралап, әскерге қажетті азық-түлік, киім-кешек жинады. Жұмыла кіріскен жұмыстың арқасында Кеңес әскерлері Жеңіске жетті. Анам майдан кезінде көрсеткен ұшан-теңіз еңбегі үшін бірнеше грамотамен марапатталып, талай медаль иеленді. Жуырда ғана Жеңістің 75 жылдығына орай тылда көрсеткен ерен еңбегі бағаланып, мерекелік медаль тақты. Марапаттан бөлек, халықтың көрсеткен қошеметінің өзі қаншама десеңізші!
Әкем Боқай Елемесов сталинизм зардаптары жойылғаннан кейін 1957-1958 жылдары атамекеніне оралып, туыстарымен қайта қауышады. Әкем туған халқының болашағы үшін соңғы демі біткенше аянбай еңбек етіп, артына үлгі боларлық тамаша тағылым қалдырып, ұлт тарихында өзіне лайық орны бар ірі тұлғалардың бірі атанды. Елге келген соң Сәндібек, Өмірбек деген екі інім (екеуі де кейін марқұм болып кетті) мен Алтынай атты сіңлім өмірге келеді. Әкем 1969 жылы анам кіші сіңлім Алтынайды босанар кезде өмірден озады.
Арқа сүйер азаматынан ерте айрылып, алты баламен жесір қалған анам өмірдің бар ауыртпалығын бір кісідей-ақ көтерді. Балаларын қатарынан қалдырмай өсіріп, бәрінің жоғары білім алуына жағдай жасады. Күндіз-түні ел игілігі, мемлекетіміздің өсіп-өркендеуі үшін орасан зор еңбек етті. «Әдемі қартая білу – өнер» дейді халқымыз. Асыл ананың 91 жылғы ғибратты ғұмыры – әр жүрекке имандылық нұрын құяр талай-талай ізгілік іздеріне толы. Отбасында аяулы ана, үлгілі ене, сүйікті әже атанып, әлі күнге бала-шағасына ақ батасын беріп отыр. Сол ақ жаулықты ананың берген батасының арқасында бүгінде балалары бәйтерекке айналып, одан тараған ұрпақ та бір-бір отбасының ұйытқысы, иесі болып отыр. Араларында сан-салада жемісті еңбегімен елге танылған азаматтар бар.
Айтпақшы, екі рет қуғын-сүргінге ұшыраған әкем тарихи құжаттарға сәйкес 1989 жылдың 16 қаңтарында КСРО Жоғарғы сотының қаулысы бойынша толық ақталды. Осылайша әкем Боқай Елемесовтың тұғырлы тұлғасы, парасаттылығы, даладай дарқан пейілі, байсалдылығы, білімділігі, адамгершілікке толы адами қасиеті ел есінде мәңгі қалды.

Айымкүл БОҚАЙҚЫЗЫ