» » Сәулет ҚАЛДАШОВ: Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау – ұрпақ алдындағы борышымыз

Сәулет ҚАЛДАШОВ: Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау – ұрпақ алдындағы борышымыз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеу жариялаған болатын. Онда ол "ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін зобалаңы – халқымыздың тарихындағы қасіретті кезең. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін осы нәубеттің құрбандарын мәңгі есте қалдыру үшін мемлекеттік деңгейдегі тиісті шараларды жүзеге асыра бастады" деп атап өтті.
Расымен, Кеңестік кезеңде өмір сүрген халыққа «үлкен террордың» орны толмас қасірет әкелгені баршаға аян. Мұндай зобалаңда Қазақстанға КСРО-ның түкпір-түкпірінен бес миллионнан астам адам жер аударылды.
100 мыңға жуығы қуғын-сүргінге ұшырап, оның 20 мыңнан астамы атылып кетті. Тарихқа көз жүгіртсең жүрегің еріксіз-ақ езіле кетеді. Қош. Мемлекет басшысы жарлығында
"Тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын аяқтап, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құруды тапсырдым" дейді. Бұл ең жақсы бастама екені рас. Себебі біз жазықсыз жазаланғандардың әрқайсысын есте сақтауымыз керек. Тек сол арқылы жарқын болашаққа жол ашамыз.
Сәулет ҚАЛДАШОВ,
ҚР Қарулы Күштерінің Тыл және қару-жарақ басқармасы Бас әскери-медициналық басқармасының
аға офицері, медицина қызметінің подполковнигі
30 мамыр 2020 ж. 1 443 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 324
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031