» » ҚАРМАҚШЫДА САЯСИ ҚУҒЫН - СҮРГІН МЕН АШАРШЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ ШАРАСЫ ӨТТІ

ҚАРМАҚШЫДА САЯСИ ҚУҒЫН - СҮРГІН МЕН АШАРШЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ ШАРАСЫ ӨТТІ

Бүгін Жосалы кенті орталығындағы «Тағзым» алаңына жиналған жұршылық саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алып, жазықсыз жапа шеккен жандардың рухтарына тағзым етті.
1997 жылы Елбасының Жарлығымен «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» белгіленді. Бұл мемлекетіміздің тарихи әділеттілікке айқын жол ашқан дәйекті ұстанымы еді.
Шараға аудан әкімі Мақашов Сұлтан Ысқақұлы қатысып, сөз сөйледі. - Кеңестік кезеңде халықтың басына төнген бұл зұлматтың салдарынан ұлтымыз қаншама ардақтыларынан айырылды. Тоталитарлық жүйе Қазақстанды сан мыңдаған саяси қуғынға ұшырағандарды шегендеп ұстайтын жазалау аумағына айналдырды. Саяси қуғын – сүргінмен бірге ашаршылықтың азабынан елімізде 3 миллионға жуық адам құрбан болды. Ашаршылықтың артынан репрессия келіп қосылып, нақақтан-нақақ ұлтымыздың көзі ашық, көкірегі ояу азаматтары жала жабылып атылып кетті - деді аудан басшысы.
Қазақ халқының асылдарын қынадай қырған нәубет – саяси қуғын-сүргін Қармақшы жұртшылығын да айналып өткен жоқ.
Өткен ғасырдың 30-шы жылдарында «Қызыләскер», қазіргі Дүр Оңғар ауылының азаматтары – Ахмет Тұрғанбаев, Тыныштыбай Жайшылықов, Жұқа Төребаев, Сүйіндік Бекмұрзаев және Омар Баймаханов жалған жалаға ілігіп, нақақтан құрбан болды.
Сол кездегі қазақ халқының басына түскен жаппай саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болған кейбір азаматтар елге аман-есен оралса, көбісі барған жерінде мәңгілік мекен тапты. Күні бүгінге дейін кейбірінің жатқан жері белгісіз.
Шараға жиналған мекеме басшылары мен қызметкерлер, ардагерлермен мен жастар саяси қуғын-сүргін құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алып, құлпытасқа гүл шоқтарын қойды.
Қазақ халқының жарқын болашағы үшін Алаш қайраткерлерінің рухтарына арнап аудандық «Қармақшы ата» мешітінің имамы Әбенов Жақсыбек Әбиұлы құран бағыштады.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
31 мамыр 2019 ж. 1 301 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 033

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031