» » Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

Кеше – ХХ ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Аталған күн 1997 жылы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен 31-мамыр саяси репрессия құрбандарын еске алу күні болып белгіленді.
Қазақстанда 103 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырады, 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілді. Сонымен қатар дәл осы күні Қазақстанда ашаршылықта қаза тапқандарды да еске алу күні ретінде аталып өтіледі. 1920 жылдардың соңында және 1932-1933 жылдар аралығында қасақана ұйымдастырылған жасанды зауалдан, әсіресе Қазақ халқы қатты зардап шекті. Деректерге сүйенсек, тек 1932-1933 жылдары ең кемі 1,5 млн қазақ аштықтан ажал құшты.
Осыған орай, Ақай ауылдық клуб үйінде оқушылар мен ауыл ардагерлерінің қатысуымен қуғын-сүргін кесірінен жазықсыз жапа шеккен қайраткерлердің есімдерін еске алып, олардың рухтарына құран бағыштап, құрмет көрсету мақсатында іс-шара өткізілді. Кітапханашы Қ.Нұрмағанбетова тарихтан тағылым алып, биік мақсатқа бет алған ұлы халықтың ұлағатты ісі туралы бірқатар әңгіме айтып берді. «Ақсақалдар алқасы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ж.Қыпшақбайұлы енді бұндай оқиға болмасын деп іс-шараны аяқтады.

01 маусым 2019 ж. 1 387 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 324
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031