
Дүбірі бөлек тұлпар еді...
О, жалған дүние-ай! Айдарбек аға өмірден өткелі де біршама уақыт өтіпті. Алдыңдағы ағаның ортаңды ойсыратып, табиғат тылсымына біржолата сіңіп, көзден ғайып, көңілден тысқары күйге айналғаны жаңыңды ауыртып, жүректі сыздатып, көңіліңді құлазытады. Мұндайда Алланың әмірі дегеннен басқа қолдан келер амал бар...

















