» » » Оралда Ренат Елубаев көзді жұмып сурет салудың сырымен бөлісті

Оралда Ренат Елубаев көзді жұмып сурет салудың сырымен бөлісті



Оралда белгілі суретші Ренат Елубаев шеберлік сағатын өткізді. Ренаттың бағындырған белестері баршылық. АҚШ, Беларусь пен Италия елдерінде өткен халықаралық деңгейдегі суретшілер байқауларында жүлделі орындарды еншіледі. Қазақтан шыққан тұңғыш халықаралық Микеланджело сыйлығының иегері. Әлемнің көптеген елдерінде жеке көрмелерін өткізген. Режиссура және мүсін өнері саласында да өзіндік қолтаңбасы бар. Ренаттың өзгелерден ең басты ерекшелігі – ол көзін жауып тұрып сурет салу арқылы талайларды таңқалдырып келеді. Тіпті, шетелдік танымал шоуға қатысып, шеберлігін күллі әлемге дәлелдеді. Танымал талант иесін оралдықтар да жылы қарсы алды. Сәкен Ғұмаров атындағы музейде оның картиналары бір ай бойы жұртшылық назарына ұсынылмақ. Көпшілікті суретшінің көзбен көрмей-ақ қылқаламды қалай бағындыратыны қызықтырды.   
Ренат Елубаев, суретші:
- Ерекше тылсым, жай адамға аңыз болып көрінетін нәрсе, бұл негізі қазақтың жанында бар еді. Оны біз ұмытып қалдық. Мысалы, Кейкі батыр болған, ол қарамай тұрып нысанаға дәл тигізіп отырған. Оны қазір ойлайды аңыз деп. Ал бірақ ол аңыз емес.         
Мирболат Ерсаев,  облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры: - Ренат бауырымыз Қазақстан көлемінде, осы Ақжайық өлкесінде ең алғаш рет осы көзін жұмып бүкіл халықтың алдында суретін салған болатын. Шеберлік сағатында ол сурет өнеріне қалай келуге болады, сурет өнерін қалай үйренуге болады, соны көрсеткен болатын.

15 ақпан 2019 ж. 1 501 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 370
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 145

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930