Әлемнің мықты суретшілері Астананың келбетін салады
Мәдениет және спорт министрлігі Астананың 20 жылдық мерекесіне орай «Нұр келбетті Астана» Халықаралық көркемсурет фестивалін ұйымдастырды.
Оған Бразилия, Ұлыбритания, Ресей, АҚШ, Үндістан, Жапония, Корея, Голландия, Белоруссия, Түркия, Қырғызстан, Италия сынды әлем елдерінен қылқалам шеберлері келді. Осыған орай, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы: «Осы көрмеге арнайы алтын уақытын қиып, әлем елдерінен келген суретшілер Астананың ең әсем жерлерін қылқаламына арқау ететін болады. Дараланған таланттар, Сіздерді киелі қазақ топырағында кездестіргенімізге ризашылығымызды білдіремін. Сіздердердің сырға толы сұлу картиналарыңыз кез-келгенді таңдай қақтырмай қоймас. Үздік туындыларыңыз Ұлттық музейі қорында мәңгі сақталмақ. Алдағы уақытта шығармашылық шабыт, телегей табыс, таудай талап тілеймін» – деп өз пікірін білдірді білдірді.
Іс-шараға 250-ден астам суретшілерден сұраныс қабылдап, оның ішінен ең үздік деген, айрықша қолтаңбасы бар 20 суретші таңдалып алынды. Бұл жөнінде н фестиваль аясында өткізілген баспасөз-конференциясы барысында айтылды. Аталған баспасөз-конференциясына іс-шара ұйымдастырушыларымен қоса ұлыбританиялық суретші, Корольдік өнер қоғамының мүшесі Александра Коннор мен жапониялық иллюстратор суретші Акира Мурата қатысып, фестиваль барысында алған әсерімен бөлісті.
–Мен қазірде қаланың оң жақ жағалауын бейнелеп жатырмын. 20 жыл бүтін бір шаһардың тұрғызылуы ертегі сынды естіледі. Алайда Астанаға қарап, кез-келген адам тек таңданысын ғана білдіреді. Осынау көлемді, керемет мерекенің куәсі болғаныма өте қуаныштымын, –деп атап өтті ұлыбританиялық қонақ Александра Коннор.
«Нұр келбетті Астана» Халықаралық көркемсурет фестивалінің негізгі идеясы тереңде жатыр. Елордамыз Астана небәрі 20 жылда қарыштап дамыған, жасампаз, көркем қала атанды. Бүгінде ол жас болса да, еліміздің брендіне айналған, келбеті жарқын шаһар. Оның әлемдік аренада кеңінен танылуы – еліміздің жағымды имиджін қалыптастыратыны анық.
Әр суретшінің ішкі жан-дүниесі, қолтаңбасы, өзіндік стилі бар екені анық. Фестиваль барысында отандық майталмандармен қоса, Шығыстың, Батыстың және Үнді елдерінің қылқалам өнері мектептерінен ең үздік шеберлерін бір өнер алаңына жинауда. Мәселен, Батыс мектебі шеберлері заманауи ғимараттарға жан бітірсе, Шығыс мектебі шеберлері шаһарымызды гүлдендіріп, ерекше көркем етеді. Және оның әрқайсысы елордамызды жаңаша қырынан танытары сөзсіз.
Еркін ҚАЛДАН