» » «СЫРЛЫ ӨРНЕКТЕР» КӨРМЕСІ ШАҚЫРАДЫ

«СЫРЛЫ ӨРНЕКТЕР» КӨРМЕСІ ШАҚЫРАДЫ

Облыс орталығындағы көркемсурет галереясында Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында музей қорында сақталған қолданбалы тоқыма бұйымдарынан, ою өрнектерден ұйымдастырылып отырған «Сырлы өрнектер» атты көрме ұйымдастырылды. Оның ашылуына жергілікті суретшілер мен қолөнер шеберлері, ЖОО студенттері, мектеп оқушылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.    Көрмеге қатысушы ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Мәдениет қызметкері Рахым Шегебаев, Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінің аға оқытушысы Аппаз Жүсіпов халқымыз қастерлеген ұлттық өнеріміздің жас ұрпақтарға үлгі боларлық тәрбиелік маңызын, мәдени мұрасы туралы терең ой қозғады.
  Көрмеге  уақыт өткен сайын жарқырай түсетін, сан ғасырлар өтсе де өзінің мәні мен мағынасын ешқашан жоғалтпайтын ұлттық құндылығымыз, ұлттық өнерімізді паш ететін музей қорында сақталған қолданбалы тоқыма бұйымдары (текемет, кілем, бау-басқұрлар, уық баулар, қоржын, аяққап, желбау, иінбаулар және т.б.)  ұлттық ерекшелігімізді дәріптейтін құнды жәдігерлер қойылды.
  Айта кетейік, көрме 10 наурызға дейін жалғасады.
kyzylorda-news.kz
06 наурыз 2018 ж. 3 080 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 968
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 200

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031