» » Азия чемпионаты өтеді

Азия чемпионаты өтеді

Астанада теңге ілу мен аударыспақтан Азия чемпионаты өтеді
Маусымның бірі мен екісі күндері елордадағы «Қазанат» атшабарында теңге ілу мен аударыспақтан Азия чемпионаты өтеді.
Бұл туралы бүгін Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан айтты. Астананың 20 жылдығына орайластырылған дүбірлі додаға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Моңғолия, Ресей, Ауғанстан, Қытай мен Түркия сынды тоғыз елден жалпы саны 54 спорты қатыспақ. Оның 44-і аударыспақ бойынша сынға түседі. Теңге ілуден екінші, аударыспақтан үшінші Азия чемпионатының жалпы жүлде қоры – 14 миллион теңге. Жарысты тамашалуға ЮНЕСКО-ның дәстүрлі спорттар мен ойындар комитетінен өкілдер келеді деп күтілуде. Осылайша ұлттық құндылықтарымыз төрткүл дүниеге насихатталмақ.
Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:
– ЮНЕСКО аясында 2021 жылы ұлттық спорт түрлерінен ұйымдастырылуы мүмкін алғашқы Олимпиада ойындарын өткізуге лайық 4 мемлекеттің қатарында Қазақстан да бар. Сондықтан ЮНЕСКО-ның өкілдері Астанадағы Азия чемпионаттарын тамашалаумен ғана шектелмей, біздің елдегі ұлттық спорт жарыстарының ұйымдастырылуы мен насихатталуын көруге арнайы келе жатыр. Егер Ұлттық спорт пен екі Азия чемпионатының ұйымдастырылу дәрежесі жоғары деңгейде өтсе, әрине, онда біз 2021 жылғы алғашқы ұлттық спорт түрлерінен Олимпиада ойындарын Астанада өткізуге толық мүмкіндігіміз бар.
25 мамыр 2018 ж. 1 390 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 336
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 108

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930